ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет302/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Мәмен көшесі
- Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
 
Мәмен Ерғалиұлы – 1868-1931 жылдары қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала 
ауданында өмір сүрген күйші-композитор.
Құрманғазыдан тағылым алып, халық арасында 
оның күйлерін (“Адай”, “Байжұма”, “Төремұрат”, “Терісқақпай”, тағыда басқа) насихаттады. 
Ұстазының орындаушылық нақышын терең меңгерген Мәмен өз жанынан “Ақ Шолпан”, 
“Қайғылы қара”, “Қаражан ханым”, “Кербез ақжелең” тағы да басқа күйлер шығарған. 20 ғ-
дың басында қазақ даласында болған аласапыран кезеңді меңзейтін “1916 жыл”, “1917 жыл” 
атты күйлері бар. Мәмен күйлері терең толғаныспен, серпінді де ойнақы әуен ырғағымен 
жігерлендіретін оралымдарға бай шығармалар. Шәкірттері — домбырашылар Р.Омаров, 
Ә.Есқалиев, Б.Қарабалина, т.б. 
Мәншүк Маметова көшесі - 
(бұрынғы Мир көшесі)
Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып 
қойған аты - Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі 
Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп 
«Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай 
аты Мәншүк боп қала берді.
1937 жылдың қуғын – сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу 
институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынады, кейіннен ақталады, бірақ олардың 
отбасы қудаланып, «халық жауы» атанады. Есейген Мәншүк мектепті бітіргеннен соң
медицина институтына оқуға түседі.


208 
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, 
Отанын қорғау туралы шешім қабылдап: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің 
ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», - деп жазған. 1939 жылдан бері 
комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы», -деп өтініш жазған.
1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға 
аттанды. Оның құрамындағы 4890 жауынгердің ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм 
Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Мәншүк ерлермен қатар жер жорғалап
судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтіп, пулемет атып үйренеді. 21-ші гвардиялық атқыштар 
дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. 1943 жылдың 15-ші қазанында 
Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте 
қатал соғыс болады. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдап, 
тұрғанда басына оқ тиеді. Соңғы күшін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, 
жолдастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей оқ жаудырған. Сол қан майданда Мәншүк 
Мәметова ерлікпен қаза табады.
Советтік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 
жылдың 1-ші наурызында неміс басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының 
әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін және көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк 
Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет