208
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару,
Отанын қорғау туралы шешім қабылдап: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің
ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», - деп жазған. 1939
жылдан бері
комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы», -деп өтініш жазған.
1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға
аттанды. Оның құрамындағы 4890 жауынгердің ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм
Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Мәншүк
ерлермен қатар жер жорғалап,
судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтіп, пулемет атып үйренеді. 21-ші гвардиялық атқыштар
дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. 1943 жылдың 15-ші қазанында
Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте
қатал соғыс болады. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдап,
тұрғанда басына оқ тиеді. Соңғы күшін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып,
жолдастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей оқ жаудырған. Сол қан майданда Мәншүк
Мәметова ерлікпен қаза табады.
Советтік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944
жылдың 1-ші наурызында неміс басқыншыларымен соғысу
майданындағы қолбасшының
әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін және көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк
Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: