209
лиро-эпостық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Бозторғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа
шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп
1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғанын білеміз. Ал
“Алтынбас-Күмісаяқ”– 200 жолдан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгілерін жинаған В.Радлов
екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі болдық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп
В.Радлов жинағынан ала отырып, олардың бәрін қолжазбаның әр жеріне шашыратпай, бір же-
ріне ғана топтастыра орналастырған. Сондай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жырының
көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.
Зерттеуші ел арасынан түрлі ертегілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақтарған
Жаманбай”, “Баһырам патша туралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты” , “
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Алаша хан”, “ 7 жасар
Желкілдек”, “Ер Төстік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі патша”, “Әділ би”,
“Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б.
Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің
ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қарағанда,
мақал-мәтелдерді
жинаумен айналысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді
қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кездеспейді. Оларды
айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы
қағазға түсіру керектігі аян.
Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен,
“Ұлбике қыз бен Күдері қожа айтысы”, “Ұлбике қыз бен Қарақалпақ Жанкел ақын айтысы”,
“Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа айтысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны
Орманшы Сақау ақыны мен Қаракесек қызы Тоғжан айтысы”, “Қалдыбай қожа мен Соқыр Шө-
же айтысы”, “Соқыр Шөже мен Қаракесек ақыны Балта айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ
пен Найман Сабырбай айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Найман-Түбек айтысы”,
“Қаракесек Қамбар Жанақ пен Орманшы- Сақау ақын айтысы”, “Қуандық-Алтай
бір ақыны
мен Найман қызы Опан айтысы”, “Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен Арыстанбай
ақын айтысы”, “Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Найман-Түбек
айтысы”, “Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы”, “ Қыз бен жігіт айтысы” тәрізді ақындардың
сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен
берілген.
Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыстың: “Қыпшақ Өске Тәтті қыз”, “Қолға түскен
Алтай жігіт –Найман Опан қыз” айтысы 46 жолдан, “Шортанбай қожа мен Арыстанбай ақын”
айтысы 100 жолдан, “Шал мен қыз”, “Шөже мен Қалдыбай”, “Жанақ пен Түбек”, “Ұлбике мен
Күдері” айтысы – 106 ауыз өлең, “Жанкел мен Ұлбике” айтысы – 100 ауыз өлең, “Заман қожа
мен Осы қыз” айтысы – 50 ауыз өлең, “Тоғжан мен Сақау” айтысы – 78 ауыз өлең т.б. деген
түрлерін қанша жолдан тұратынын дерегімен де бірге берген.
Ақын қолжазбаларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары
т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын,
Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат
Сапақ датқа ақын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғжан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын-
Қамбар Жанақ, Найман Сабырбай, Найман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шортанбай
қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Балта, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туындыларын қағазға
түсірген.
Бұлардан басқа қолжазбаларда мынадай мәліметтер берілген: “Хазірет Юсуф пай-
ғамбар”, “Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған”, “Сарыарқа тарихы”, “Шоң, Торайғыр
билер”, “Абылай аспаған сары бел”, “Қоқан хандары тарихы”, “Кіші жүз ұрандары мен
рулары”, “Шанышқылы Бердіқожа батыр тарихы”, “Едіге мен Төле би”, “Көлеби батыр”,
“Олжабай батыр тарихы”, “Абылай хан”, “Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан
92 батыр”
турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық,
Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), “Барпық әңгімелері”, күлдіргі сөздер, “Қаракесек пен
төрелер ұраны” туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкент, т.б. қалалары турасында,
“Ошақты Қоңырбай қалпе” әңгімесі, “Хазірет Нұхқа 370 жасында пайғамбарлық берілді”, діни
нанымдар т.б., Сарман, Қиғара, Қосдәулет билер хақында, жыл басы туралы, Орманшы ақсары
Шотана батыр жайындағы деректер орын алған.
210
Мәшһүр Жүсіп болса, халыққа сол кезеңде “не керек” дегендерді аражігін ашпай жинай
берген. Яғни, елінің тарихын, әдет-ғұрпын, халықтың мінез ерекшеліктері, тұрмыс-салты, т.б.
жақтары – бәрі қажет боларын сезініп, неғұрлым ауқымды жұмыстар атқарған. Сонымен жи-
наушылықтың негізгі мақсаты халыққа “не пайдалы” деген тұрғыдан жүргізілгендіктен де
басқа дамыған елдер қатарында өмір сүру үшін қазаққа не қажет, өскелең ұрпақты қалай
тәрбиелеген жөн, ол үшін қандай үлгі-өнеге боларлық іс-әрекет қолдану керек. Сондай-ақ
тарихтың қай кезеңдері: үлгілі билер мен айбарлы хандар заманы ма, әлде аты аңызға айналған
Асан қайғы мен Жиренше шешен тәрізді бабалар дәуірі ме, қайсысында кейінгілер тағылым
аларлық қаншалық мән жатқандығы – бәрі Мәшһүр Жүсіпті қызықтырған. Осының бәрі
Мәшһүр Жүсіп жинаушылығының негізін құрайды. Міне, бұдан біз Мәшһүр Жүсіптің
фольклористік
концепциясы оның демократиялық, ағартушылық көзқарасынан туындағанын
көреміз.
Қазақ халық әдебиетінің жиналу тарихын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уәлиханов,
В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қарағанда, соларға үндес ететін ортақ сипаттарымен қатар Мәшһүр
Жүсіптің өзіндік ерекшеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керек.
Мәшһүр Жүсіптің фольклорист ғалым ретінде қалыптасуының үш қайнар көзі бар:
Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерінен тұратын бай мұрасын
қабылдауы; Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін
игеруі;
Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялыларының әсері.
Достарыңызбен бөлісу: