ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет301/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Құрылысшылар көшесі - 
(бұрынғы Строительная көшесі) Деркөл кентіндегі жаңа 
көше.
Л 
 
И. Ларин көшесі - 
(бұрынғы Джамбул көшесі) 
Иван Ларин (1906-1944) - екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. 1944 жылы маусым айында 
Таммисуо станциясы (Ресей) маңында өткен ұрыста қаза болған. Гвардия мичманы, Балтық 
флотының командирі. 3 тамыз 1911 жылы Калинин облысы, Нечаево селосында дүниеге 
келген. Өз аулында мектепте оқып, ағаш шебері болып жұмыс жасаған. 1933 жылы Тынық 
мұхит флотына әскерге шақырылған. 1938 жылы Ленинградтағы С.М.Киров атындағы су асты 
жүзу отрядының кіші құрамының курсында оқиды. 1940 жылы И. Я. Ларин катерлі тральщик 
командирі болып тағайындалады. Ұлы Отан соғысы басталғаннан Қызыл Ту орденді Балтық 
флотын басқарады. Даго және Эзель аралдарын азат ету операцияларына қатысады. 10 рет 
катерлері қомақты жарақаттарға ұшырағанмен, командирдің қайраты мен біліктілігіне 
байланысты экипажды құтқарып қалған. 1945 жылы 6 наурызда гвардия мичманы Иван 
Яковлевич Ларинге Совет Одағының Батыры атағы берілді.
М 
 
Махамбет ақын көшесі -
(бұрынғы М.Өтемісов көшесі) 
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) - Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі, әрі 
жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр 
рухты ақыны. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Бала кезінен 
мұсылманша, орысша білім алады. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жылдары 
Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болады. 1829 жылы 
Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі 
абақтыға 2 жылдай қамалады. 1831 жылы түрмеден қашып шығып, артынша ақталады. 1834 
жылы Исатай батырмен бірігіп, осы жылы маусымның 9-ында Жәңгір хан Махамбетті өз 
жағына тарту мақсатында старшын лауазымын береді. Жер мәселесі, жайылымның тарлығы, 
орыс империясының қазақ хандығын жою мақсатындағы іс-қимылдары, сондай-ақ Жәңгір 
ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен ел билігінде қайын атасы Қарауылқожаға 
үстемдік берген астамшылық әрекеттері көтерілістің тууына себепші болады. Қарауылқожа 
мен Исатай-Махамбет арасындағы тартыс өршіп, наразылық үлкен қозғалысқа айналды. 1838 
жылы шілденің 12-інде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа 
жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады. Бұл ниетінен нәтиже шықпаған соң, Бөкей 
ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналайды. Ақын өміріндегі ауыр да сүргінді жылдар 


207 
жалғасып, 1841 жылы наурыздың 4-інде белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілеков деген 
қазақтың үйінде отырған жерінде қолға түседі. Орал әскерінің 40 адамнан құралған жасағы үй 
иесі мен Махамбетті тұтқындап, Калмыков бекетінде 2 апта түрмеде ұстап, кейін Орынборға 
аударады. Орынбор генерал-губернаторы Махамбет ісін әскери соттың қарауына тапсырады. 
Сот «бүліншілікке» қайта араласса, қатаң жазаланасын деген үкіммен тұтқыннан босатады. 
1845 жылы ол баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборға келеді. 
Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғаса, Кіші жүздің батыс 
бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та ақынды қудалауын қоймайды. Ол ақынның басына 1000 сом 
тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдардан құралған қарулы жасақ жібереді. Махамбет 
хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза табады. Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің 
рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық 
поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, 
елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына 
айтты. «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында 
ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», 
«Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған 
дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры 
мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» 
дейді ол отты жырларында. Махамбет ақындығымен қатар шебер күйші болды. Оның 11 күйі 
1982 жылы «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді. Ақын өлеңдерінің халық 
арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Қобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, 
Ығылмандар көп еңбек сіңірді. Алғаш 1908 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Мұрат 
ақынның Ғұмар қажы оғлина айтқаны» атты жинақта Махамбеттің 100 жолдан астам 2 толғауы 
басылған. 1939 жылы Қ.Жұмалиев ақын өлеңдерінің жинағын шығарды. 2003 жылы Махамбет 
Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде кең түрде аталып өтіліп, 4 
томдық жинағы жарыққа шықты. Интернетте Махамбет сайты ашылды. Астана қаласындағы 
оқушылар сарайына ақын есімі берілді. Ресейдің «Выборг кеме жасау зауыты» ААҚ 
Қазақстанның тапсырысы бойынша «Махамбет» атты мұнай құю танкерін жасап шығарып
суға түсірді. Атырау облысында Махамбет атындағы аудан, ауыл, көше бар. Ақын қайтыс 
болған Атырау облысының Индер ауылынан 40 шақырым жерде кесенесі тұрғызылды. Белгілі 
антрополог Ноэль Шаяхметов Махамбеттің бет-бейнесін жасап шығарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет