Сабақтың тақырыбы: сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс



Дата11.12.2019
өлшемі27,54 Kb.
#53481
түріСабақ
Байланысты:
§5.Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

11. сынып. Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: §5.Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс



Сабақтың мақсаты: білімділік: Ұлт-азаттық қозғалыстың себебін,мақсатын және барысын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін,жеке қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерге сүйіспеншілікке,ерлікке,ұйымшыл болуға тәрбиелеу

Пән аралық байланыс: әдебиет,география

Көрнекілігі: ДЖ.саяси карта,сурет,плакат

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: тірек-сызба

Сабақтың барысы:

А)Ұйымдастыру кезеңі

Ә) Үй тапсырмасын сұрау,бағалау

1.Ұлт-азаттық қозғалыстардың мақсатын түсіндіріңдер?

2.М. Қозыбаев ұлт-азаттық қозғалыстарды неше кезеңге бөлді?

3.Олардың ерекшеліктерін ата?

Б) Жоспар бойынша жаңа тақырыпты баяндау

1Көтерілістің себебі мен қозғаушы күштері.

2.Көтерілістің барысы,нәтижесі.

Ресейдің отарлық саясаты

Көтерілістің шығу Қазақтардың жер пайдалану дәстүрі бұзылды

себептері Орал казактарының озбырлығы

Нұралы ханның халық алдында беделінен айырылып,

Патша өкіметінің қол шоқпарына айналды

Көтерілістің жетекшісі Байбақты руынан шыққан Сырым Датұлы болды.

Ол ақылы мен тапқырлығы үшін «Бала би» атанды.Сырымның жақын серіктерінің бірі Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре болды.

Қазақ шаруалары

Көтерілістің қозғаушы күштері Рубасылар

Старшындар

Билер


1778 ж Орал казактары қазақ малдарын айдап кеткенде ,малды қайтарып алу кезінде Сырымның екі баласы мерт болады.

1782-1783 ж казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқыларын тартып алды.Қысқатты болып жұт болды.10 мыңнан астам жылқы мен сиыры қырылып қалды.1783 ж көктемде қазақтар Орал шекара шебіне шабуыл жасапГирьял бекінісіндегі казактарды ттқындап,малдарын айдап кетті.1783ж жазда қазақтар әскери бекіністер мен сауда ерундеріне шабуыл жасай бастады.Кқтерілісшілердің саны 1000 ға жетті.

1785 ж С ахарная бекінісіндегі кескілескен шайқаста Сырым жағындағы Айшуақты Назаров тұтқындайды.Айшуақтың баласы Атақ шайқаста ерлікпен қаза табады.

1785 ж жазда өткен кіші жүз өкілдерінің съезінде Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдайды.Оған 20-ға жуық ру старшындары қатысады.1786 ж Нұралы Уфаға жер аударылып,сонда 1790 ж дүние салады.

Барон Игельтромның реформасы.Олд 1784 ж Орынбор губернаторы болып сайланңан.1786 ж О.Игельстром реформасының мәні:

Кіші жүзде хандық билікті жойып,билік Шекаралық сотқа бағындырылды.

Кіші рулы-тайпалық жүйе бойынша Әлімұлы,байұлы,Жетіру болып үшке бөліну көзделдіСот билігін атқаратын әкімшілік органдар –ру ақсақалдарынан тұратын «расправалар»құрылатын болды.1786 жстаршындар съезі өтіп,Шекаралық сот құруға келісті.Старшындар мен сұлтандар арасында қайшылық туындап реформа іске аспай қалды. ІІ Екатерина жобаны қабылдаған болатын

1791 жЕралы ха сайланды 1794 ж ол қайтыс болғаннан кейін Нұралының баласы Есім болды.1796 ж көтеріліс белсенділік танытты

Себебі қыс қатты болып,жұт болған еді.1797 ж сарйға шабуылдапЕсімді өлтірді.О.Игельстром Хан кеңесіне тапсыруды ұсынды.1797 ж басында кәрі Айшуақт отырған Хан кеңесі құрылды.Сұлтандар Нұралының баласы Қаратайды сайлады.Хан кеңесіне қарсы шықты.1797 жСырым Қаратай сұлтаннан қутылу үшін Хиуаға өтіп кетті. Сол жақта белгісіз себепте 1802 ж қайтыс болған.

Көтеріліс стихиялы бодды

Көтерілістің жеңілу себептері, Шағын жасақтар бір-бірінен бөлек соғысты

Старшындар тұрақсыздық танытты

Көтерілісшілер біріккен күшке айнала алмады

Маңызы. Сырым көтерілісі нәтижесінде 1801 ж11 наурызда патша өкіметі қазақ руларын Жайықтың оң жағасына өтуіне,мал жаюына рұқсат берді.



Сергіту сәті
(
Сырым Датұлының шешендік сөзінің мағанасын ашу)
Бірде Сырым Нұралы ханнан:

  • Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? – деп сұрайды. “Торы” деп Сырым халықты, “төбелі” деп хандар мен олардың тұқымын айтқан екен. Нұралы хан Сырымға жауап бере алмай қалыпты.

Тағы бір рет келгенде Сырым Нұралы ханға:

Хан оған қарсылық білдіріп:

  • Батырым, тасып жүрсің –ау, - депті Сонда Сырым іркілместен:

  • Тақсыр, тасып жүргенім жоқ, қайта қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін, - деп жауап қайтарыпты.

Бабақты бекіту:

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс



Себебі

Сылтауы

Мақсаты

Уақыты

Қозғаушы

күші


Кеңістігі

Барысы

Нәтижесі

Тарихи маңызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Артық болмас білгенің



Сұрақтар

Жауаптар

А

В

С

Д

Е

1

Сырым тұтқыннан қашан босатылды?

1783

1784

1785

1786

1787

2

Сырым тобы қай тауға қарай ойысты?

Мұғалжар

Қаратау

Алтай

Тарба-

ғатай


Сары-арқа

3

Нұралы ұлдарының бірі Есімнің хан болып сайлануы

1791 ж

1794 ж

1795 ж

1788 ж

1787ж

4

Көтерілістің сипаты

Отарлауға қасы, ұлт-азаттық, антифеоделдық

Монорхия-лық, Отарлауға қасы, ұл-азаттық

Феодал-дық, анти-феодел-дық

Азат-тық феодел-дық

Монор-хиялық отарлау.

5

Көтерілістің қозғаушы күші

феодалдар

Ұлттар

Қазақ шаруалары

Казак-тар

орыстар

6

Сырымның өлімі

1806 ж

1805 ж

1804 ж

1803 ж

1802ж

Қорытындылау: 1. 5 сұрақ тест.

2. 2- нұсқа



Рефлекция

Бұрыннан білемін “Ү”


Мен үшін жаңалық “+”


Кездескен қиыншылық “-”


Тереңірек білгім келеді “?”


Қызықты болған не? “!”

















Үй тапсырмасын беру және бағалау: 5- тақырыпты оқу түсінгенін айтып, сұрақтарға жауап беру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет