Қазтуған жырау көшесі
- Зашаған кентіндегі жаңа көше.
Қазтуған жырау (1420-ө.ж.б.) жауынгер жырау, философ. Еділ өзені салаларын – Ақтөбе,
Бозан бойын жайлаған ноғай-қазақ тайпаларын басқарған көсем, әскербасы, батыры.
Д.А.Қонаев атындағы шағын аудан-6-шағын ауданның аты.
Дінмұхамед Қонаев - мемлекеттік және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының
докторы, академик. 100-ден аса ғылыми еңбектері бар. ҚазССР Халық комиссарлары кеңесінің
төрағасы, Қаз ССР Ғылым Академиясының Президенті, Қаз ССР Министрлер Кеңесінің
төрағасы, Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы. 20 жылдан
астам уақыт КПСС Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, 25 жыл СССР Жоғарғы
Кеңесінің депутаты, 27 жыл ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі. Үш мәрте
Социалистік Еңбек Ері, 8 мәрте Ленин орденінің иегері, СССР-дің, шетел мемлекеттерінің
орден және медальдарымен марапатталған.
Ғ.Құрманғалиев көшесі
- (бұрынғы Свердлов көшесі)
Ғарифолла Құрманғалиев (01.01.1909 Қаратөбе ауданы, Ақкөл ауылы - 24.01.1993
Алматы қаласы) – көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі. 10 жасынан домбыра
тартып, ән сала бастайды.
Мұхит Мерәліұлының өнерін бойына сіңіруді мақсат етіп, оның туыстарымен араласып
ән үйренеді. Ақтөбе, Орынбор, Атырау, Орал өңірінде Мұхит әндерін насихаттайды. “Қызыл
Жұлдыз”, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Көшім көшесі
- Зашаған кентіндегі жаңа көше.
Көшім – Зеленов, Ақжайық, Жаңақала аудандары жерімен ағатын өзен атауы. Сібір
хандығының соңғы билеушісі Көшім ханның атына қойылған гидроним. XIY-XYII ғасырларда
Алтын Орданың құрамынан бөлініп шыққан Ноғай Ордасы, Сібір хандықтары біржола
ыдырағаннан кейін, осы мемлекеттердің құрамындағы қазақ рулары қазіргі қоныстанған
жерлердеөз хандықтарын құра бастайды. Хақназар хан қазақ хандығының құрамына
Жайықтың сол жағасындағы жерлерді, ноғай ұлыстарының біраз жерін қосып алады. Көшім
ханға қарсы тұру үшін өзбек ханы Абдаллахпен одақтаса отырып, Хақназар хан бұрын
айырылып қалған Сауран мен Түркістан қалаларын қайтарып алады. Оңтүстіктен Хақназар
ханнан, батыстан Ермактан қысымшылық көрген Көшім хан өмірінің соңғы кезінде Ноғай
ордасын паналаған деген деректер бар.
Көшім
өзенінің атауы осы деректерді растайды. Көшім
өзенінің суы жоғарыдағы аудандардың жерін суландыру үшін пайдаланылады. Ақжайық,
Жаңақала аудандарында бұл өзенді
Қабыршақты
деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |