ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет295/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Қали Жантілеуов көшесі – 
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
 
Қали Жантілеуов – 1902- 1970 жылдары Орал облысында өмір сүрген әнші, домбырашы, 
күйші. Қазақстанның халық артисі. 
Домбырада бес жасынан ойнайды. Оның ұстазы күйші Төлеш болған. Нұртазы, Мәмен 
және тағы басқа атақты күйшілерден орындау мәнерін жетілдірген. Қали домбыра құлағында 
ойнайтын шебер орындаушы ғана емес, керемет әнші де болған. 


201 
1934 жылы бірінші Бүкілқазақстандық халық орындаушыларының слетінде бірінші орын 
алып, халық аспаптары оркестріне жұмысқа шақырылады. 
1944 жылдан Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық 
аспаптар кафедрасының алғашқы дәріскерлерінің бірі. 
Қ.Жантілеуов халықтың музыкасын жақсы білген (күйлерді), орындау мәнерін жетік 
меңгерген. Көптеген жас домбырашылар оның батасын алу үшін келетін болған. Оның 
шәкірттері Ш.Қажығалиев, Р.Омаров, Ф.Мансуров, Н.Тілендиев және т. б. 
Қамбар батыр көшесі
– Зашаған
 
кентіндегі
 
жаңа көше атауы. 
Қамбар батыр – қазақтың батырлық эпосының кейіпкері. Жоңғар шапқыншылығына 
қарсы шығып, қол бастаған (16-17ғ.ғ.). Қарапайым халық қамын өзінің жеке басынан биік 
ұстаған қазақ батырының образы. “Қамбар батыр” жыры ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жетіп, 
аңызға айналған. 
Қайнар көшесі –
«Бәйтерек» шағын ауданындағы жаңа көше. Судың жерден шымырлап 
шығып жататын көзді жері, бастау мағынасындағы абстракты ұғым. 
Қаныш Сәтбаев көшесі - 
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Арман» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау. 
 
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
, шын есімі – Ғабдулғани - геолог-ғалым, минерология 
ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақ КСР Ғылым академиясын 
ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті. Қазақ КСР академиясының Академигі, Кеңес 
Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан 
тұңғыш академик.
Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл 
ауданында (бұрынғы 
Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) 
Имантай 
бидің отбасында дүниеге келеді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы 
Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, 
Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып 
жазылып кеткен. 
Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан 
мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан 
бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын 
мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады. 
1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш 
мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады. 
1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, 
ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды. Томск технология 
институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды.
1920 - 1941 жылдары - 
Баянауылда
халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология 
бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас 
геологы қызметтерін атқарған.
 
1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы 
Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ 
бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, 
Қазақстан Ғылым академиясының 
президенті болған. 
1952 жылы - әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, 
Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған. 
1955 жылы - Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып
өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған. 
1947 жылы - Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына 
Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап: «Барлық қазақтар Сіз сияқты 
сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрапты. Сонда академик Қ.Сәтбаев: «О, жоқ, Черчилль мырза, 
қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап бергені халық 
арасында аңызға айналды.


202 
Қ.
 
Сәтбаев қазақ ғылымына зор үлес қосқан адам. Оның геологиядан басқа ғылымдарда, 
мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» 
жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ 
тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Ғұлама ғалым Ұлытау 
өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – 
Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне 
заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы 
болуымен қатар қазақ этносының саяси орталығы екендігі де толық дәлелденген. Қазақ орта 
мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын 
дайындаған. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына 
Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі 
орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.
 
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен 
факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның 
минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. 
Екінші 
дүниежүзілік соғыс 
аяқталуға тақанғанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ 
КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше 
араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының 
ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және 
болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар 
қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын 
ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. 
Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді 
аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің 
стратиграфиясы, 
тектоникасы,құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды 
ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік 
әдісін енгізді. 
Тынымсыз еңбектің нәтижесінде 
Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары 
жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек 
металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, 
Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді 
көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми 
зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді. Қазақстан 
ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол геология ғылымына 
қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, 
комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы 
Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы 
Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт 
рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі ҰлыОтан соғысы орденімен марапатталып, КСРО 
Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-
металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен 
шаруашылық 
аттарына берілген. Сондай-ақ, Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы 
ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал 
(сатбаевит)
оның атымен аталады. 
 
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның 
минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның 
(Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген Минералдық 
шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып 
зерттеген. 1927-1928 жылдары – Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды 
тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер 
жариялаған. 1929 жылы Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды 
облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған – Ұлытау 
ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде 
маңызды геологиялық қорытындылар жасаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын 
құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа 
мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылған. 


203 
Академиктің 
қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып, Қазақ 
КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылған. Қазақстан Ғылым 
академиясын ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын институттарды, 
зертханаларды, секторларды, базаларды дұрыс жоспарлаған. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне 
үлкен жауапкершілікпен қараған. Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен 
Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, 
Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, 
республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін 
Қостанай мен Жезқазған – Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын 
игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет