Қазанғап көшесі
- Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» шағын
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Қазанғап Тілепбергенұлы - (1854 – 1921) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы.
Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі. Туып-өскен жері -
Арал көлінің жағасы.
Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер,
берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған. Бойы
өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-ақ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой
соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім-түйсігін күй тілінде
сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін
арнамақ болып, әке- шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада Төреш, Бесқалада
Орынбай, Құрманияз, Орынборда Үсен төре сияқты әйгілі домбырашыларменкездеседі. Арал
алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын,Ақтөбе, Ырғыз,
Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегіне
армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Қазанғап
қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға
уәде байласады. Алайда жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап
уөделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тагдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға
ұшырасады. Сонда Балжан:
"Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік
етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Кінә өзіңізден, енді арамызда өкпе мен өкініш
қалмасын. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!" — деп,
ашық мінезбен ағынан жарылады.
Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы, шабыт
түғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклы
қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. Жалпы, Қазанғап — эпикалық күйші.
Оның күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы "Ноғайлы босқыны"
деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып, "Жұртта қалған", "Окоп"
деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп,
"Қызыл керуен" деп бебеулейді. Ал "Майда қоңыр", "Учитель", "Өтті-ау дүние", "Көкіл"
сияқты күйлері өмірдің мәні мен сөні туралы, бүгін мен болашақтың қамы туралы таусыла
толғанады. Қазанғаптың күйшілік болмысына ден қойғанда, оны да XIX ғасырдың соңы мен
XX ғасырдың басында қазақ халқының рухани әлемінде көрініс тапқан антиутопиялық
ағымның, кертолғау сарынының, зар заман тақырыбының аса дарынды өкілі деп таныған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |