ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет290/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
К 
 
А.Ковалев көшесі - 
(бұрынғы Фруктовая көшесі)
Ковалев Алексей Леонтьевич (1925- 1993) - Даңқ орденінің толық
 
иегері. 1942 жылы 
барлаушы-солдат Ковалев 82-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында болады. Майдан 
даласында көрсеткен ерліктері үшін 3 рет Даңқ орденімен марапатталған.
А.Карев көшесі
- (бұрынғы Киров көшесі)
Александр Карев (1835-1909) – Орыс купесі.
Карев үйі - 1901 ж. көпес Каревтің Орал қаласында салдырған үйі деген дерек бар. Сол 
көшенің бұрышында орналасқан үш қабатты, кірпіштен қаланған еңселі ғимарат. 1917 жылға 
дейін үйдің бірінші қабатында офицерлер жиналысының клубы, үшінші қабатында 
мейманхана орналасыпты. 1917 жылдан үй «Еңбек сарайы» деп аталған. Ұлы Отан соғысы 
кезінде оған госпиталь орналасқан. Қазір үй «Карев үйі» деп аталады. Мұнда Ж.Молдағалиев 
атындағы облыстық кітапхана мен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония 
орналасқан. 
Кәрім Жәленов көшесі -
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Балауса» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау. 
 
Кәрім Жәленұлы

(
1888, бұрынғы Орал губерния Жымпиты уезі Байқұтты болысы ғ4 ауылы – 
өлген жылы белгісіз
) – қоғам қайраткері, Алашорданың батыс бөлімшесі жетекшілерінің бірі, 
әдіскер математик. Воронеж ауыл шаруашылық институтында оқыған. 1916– 17 жылы1-
дүниежүзілік соғыс майдандарындағы қорғаныс шептерін салуға алынған қазақ жұмыскерлері 
ішінде Ә.Бөкейханов бастаған ұлт қайраткерлерімен бірге қызмет атқарды. 1917 жылы 
Жымпиты уездік атқару комитетінің төрағасы болып қызмет істеді. Облыстық земство 
басқармасының мүшесі болды. 1918 жылы 18 – 21 мамырда Жымпитыда өткен Орал өңірі 
қазақтарының 4-съезі төралқасына сайланды. 1918 жылы наурыз – сәуірде Алашорданың батыс 
бөлімшесінің Ж.Досмұхамедов басқарған делегациясы құрамында Мәскеуде Кеңес өкіметі 
басшыларымен қазақ автономиясын құру жөніндегі келіссөзге қатысқан. 1920 жылымаусым – 
қазан айларында Орынборда Қырғыз (Қазақ) ревкомның хатшысы болды. Осы жылы 
Ташкенттегі Қазақ халық ағарту ин-тына оқытушылыққа шақыртылды. Осында қызмет істей 
жүріп, 1923 жылықұрылған “Талап” мәдени қоғамына мүшелікке енді. К.Жаленов педагог 
ретінде математикадан ана тіліндегі оқу құралдарын дайындау бағытында көп еңбек етті. 


196 
1923 жылыТашкентте “Есептану жобасы” және “Есептану. Бөлшек сандар” атты еңбектері 
жарық көрді. Бұл еңбектері қырғыз тіліне аударылып, қырғыз бастауыш мектептерінде де 
негізгі оқу құралдары ретінде пайдаланылды. К. математиканы оқыту әдістемесі ғылымынан 
басқа салаларда да жемісті еңбек етті. “Қазақ – қырғыз мектептері”, “Химиядағы өзгерістер” 
(“Сана”, ғ1, 1923), Киргизские школы (“Наука и просвещение”, ғ2, 1923) атты мақалалары бар. 
Кәрім 1923 – 24 жылы кооперациясында оқып, білімін жетілдіреді. 1924 – 29 жылыжоспарлау-
ұйымдастыру саласында экономист болып істеген. 1929 жылы 8 қаңтарында Гурьев 
(қазіргіАтырау) қаласында тұтқындалып, “Алаш ісі” бойынша 5 жылға бас бостандығынан 
айырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет