ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет291/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Кенесары Қасымұлы көшесі
- Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Кенесары Қасымұлы - 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келіп, – 1847 жылы 
Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір аңғарында дүниеден өткен. Мемлекет қайраткері, әскери 
қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ 
хандығының соңғы ханы (1841 – 1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның 
немересі. 
Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың қалмақ 
қоңтайшысы Қалдан Сереннің қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі 
Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай), екінші 
әйелінен Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер 
қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына 
шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді.
Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында Петр І билігі 
кезеңінен басталған. Ресей империясы өзіне шекаралас жатқан Қазақ хандығын, күллі Азия 
елдері мен жерлеріне бастар қақпа деп есептегендіктен, оны Ресейге қосып алу қажеттігіне 
ерекше мән берген-ді. Қазақ хандығы аумағын империяға күштеп қосу оның отарлануымен 
қатар жүрді. Ресей отаршылдығының ерекшелігі – «орыс солдатының соңынан орыс мұжығы 
ілесіп отыратындығында, сөйтіп, жаулап алған жерін орыс жеріне айналдырып жіберуге 
тырысатынында» (М.Шоқай) еді. Атасы Абылай хан заманынан бері үдей түскен бұл процесс 
жас сұлтан Кенесары санасына ұлт тәуелсіздігіне төнген қауіпті терең түйсінтті.
Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» қалыптасқан хандық 
құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жойып, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне 
сіңістіріп жіберуді көздеді. Сол мақсатта қазақ даласына орыс шаруалары ағылып келіп 
қоныстана бастады. Абылай ханнан кейін орнына билікке келген Уәли хан (1781 – 1821) патша 
әкімшілігінің Көкшетау алқабында қала құрылысын бастауына келісім берді. Уәли өлгеннен 
кейін хан сайланған баласы Ғұбайдолланы Ресей үкіметі бекітпей тастады және орта жүзде 
хандық билікті жойды. Қарсылық көрсеткен Ғұбайдолланы тұтқындап, Сібірге жер аударды. 
Осыған байланысты Кенесары Ресей мен Абылай хан арасында жасалған жазбаша 
келісімшарттың бұзылғанына наразылық білдірді.
Оның: «Алла қостаса, қазақтардың басын біріктіреміз де, қайтадан Абылай хан 
тұсындағыдай дәрежеге жетеміз» деген пікірі әкесі Қасым сұлтанның, бауырларының, 
көптеген қазақ батырларының тарапынан қолдау тапты. Олар Ресейге қарсы Қоқан ханымен 
одақтаса отырып күреспек болған еді, бірақ үміттері ақталмады. Керісінше, 1836 ж. Қоқан 
билеушісінің нұсқауымен Кенесарының бауыры Саржан өлтіріледі. 1840 ж. әкесі Қасым төре 
қаза тапты. Кенесары Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын 
қалпына келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды көздеді. 
Отаршылдарға қарсы соғысты бастамас бұрын К. бірнеше рет дипломатиялық қадамдар жасап: 
Николай І патшаға, Орынбор ген.-губернаторлары В.А. Перовскийге, В.А. Обручевке, Сібір 
генерал-губернаторы П.Д. Горчаковқа хат жолдады. Ақылды саясатшы және әскери қолбасшы 
ретінде Кенесары жаудың мықты қарулы күші бар екендігін жақсы түсінді, сол себепті соғысқа 
мұқият даярланды. Бұл оның қазақтың үш жүзін бір мақсат жолына біріктіру саясатынан, қару-
жарақ соғуды, соның ішінде зеңбірек құюды жүзеге асыру үшін орыс және өзге ел шеберлерін 
тартуынан көрінеді.
Кенесарының қол астына 20 мыңға жуық сарбаз жиналды.


197 
1841 жылы Кенесары хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын 
қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін 
енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту 
жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны 
тиімді жолмен жинауға бағытталды. 
Кенесары өзінің басты мақсаты — азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш 
жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің 1844—
45 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің 
бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі 
патшаның жүргізген саясатын қолдады. 
1846 жылы Ресей жасақтары мен отаршылдыққа бойұсынған қазақ сұлтандарының 
әскери құрылымдары оны Кіші және Орта жүздер аумағынан ығыстырды. 
Кенесары Қасымұлы хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының 
едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде 20000 адамға 
дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды. 
Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен 
ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. 
Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты. Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін 
мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп 
тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді әдістерін қолданды. 
Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын 
кесті. 
Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843 
жылы шілденің 27 І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери 
қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды. 
Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген 
Кенесары 1843—44 жж. біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе 
Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты 
қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар 
тарапынан күшті тойтарысқа тап болды. Кенесары Тоқмақ маңындағы екі жақтың күші тең 
емес шайқаста қаза болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет