ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет296/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Қапан Мусин көшесі -
(бұрын Пехотная көшесі) 
Қапан Мусин (1921-1970) Батыс қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге 
келген. Атақты сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Композиторлар 
одағының мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1921 жылы ән мен күй үзілмейтін жанұяда 
дүниеге келген. Қапанның шешесі-халық ақыны, талай айтыстарға қатысқан адам. Әкесінің 
таланты баласына дарыған Қапан жастайынан домбырада ойнап, ән шығарған және атақты 
әншілер мен күйшілердің шығармаларын домбыраға өзі салып ойнаған.
1933 жылы ол Алматыда ашылған музыка драма техникумына оқуға түсіп, скрипка 
класында оқиды. Оның ұстазы И.Л Лесман-Ленинград консерваториясының профессоры. 
Қапан Мусин дирижерлық және композиция кластарында оқиды, өйткені ол музыка жазуды 
армандайтын. 1939 жылы техникумды бітірген соң, ол Москва консерваториясына қазақ 
бөлімінің тарихи- теориялық факультетінде оқып, 1940 жылы композиторлық бөліміне, Е.К 
Голубев деген профессордың класына ауысады. Москвада алғашқы шығармаларын шығарады, 
бірақ олар автордың өзін қанағаттандыра алмайды.1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы 
Қапан Мусиннің кейінгі шығармашылық тағдырына ықпалын тигізбей қоймайды. Қапан 
Мусин жасақшылар тобына қатысып, содан соң майданға аттанады. Негізінен соғыс 
трагедиясы Мусин-художниктің тағдырына әсерін тигізді. Соғыс оқиғалары оның 
шығармашылығының өзіндік ерекшелігін ашып, соғысқа деген көзқарасының басқа 
композиторлардан өзгешілігін байқатады. Қапан Мусиннің шығармашылық тағдыры ұзақ 
болмады. Майданда алған ауыр жарақат оның денсаулығына зиянын келтірмей қоймады. Кейін 
бойындағы дертін емдей жүріп, өзінің шығармашылық жолын бекітті. Қазақ халық оркестінің 
жетекшісі А.Жұбановтың нұсқауы бойынша, ол кезде Қапан Мусин дирижерлық пультке 
тұрып, орындаушылармен тез арада тіл табысып, бұл салада профессионал болып шыға келеді. 
Оркестрмен жұмыс істеп жүрген жылдары романстар, шекті квартет, фортепианоға арналған 
Прелюдиесін жазады.Сұрапыл соғыс үзіп кеткен оқуын жалғастыру ойынан кетпейді. Ол 
қайтадан оқуға Алматы консерваториясын Е.Брусиловскийдің класына оқуға түседі. Қабылдау 
емтиханында ол скрипка мен фортепианоға жазған сонатасын көрсетеді. Бұл шығарманы Совет 
Одағының батыры генерал И.В Панфиловқа арнап, өткен соғыстың естелігі ретінде шығарған. 
1953 жылы консерваторияны бітірген соң Қапан Мусин сол консерваторияда жұмыс істейді. 
Басында инструментовка курсынан дәріс беріп, кейіннен,1961 жылдан бастап, өмірінің соңына 
дейін фольклор кабинетінде жетекшілік жасап, халық әндері мен күйлерін зерттеп, жазып алып 
отырады. Осы жиырма жыл ішінде талай туындылар шығарған. Оның шығармаларының 
жемісті жанрларының бірі – вокалды музыка. Бұл саладағы еңбектері С.Сейітхожиннің өлеңіне 
шығарған хор және оркестрге арналған Сәкен Сейфуллин туралы поэма – балладасын /1962ж/, 
Абайдың, Жамбылдың, С.Бегалинның, А.Шакеновтың және басқа ақындардың өлеңдеріне 
жазған хорларынан көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет