Презентация Тақырып: Нұржан Наушабаев өмірі мен шығармашылығы Тобы 1704-19 Орындаған Намуратова с қабылдаған Халикова Н



Дата26.03.2022
өлшемі7,09 Mb.
#136883
түріПрезентация
Байланысты:
Намуратова Сетара
Абдил Аида, Презентация (4), Лекция тезисі 2, Намуратова С

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Презентация
Тақырып:Нұржан Наушабаев өмірі мен шығармашылығы
Тобы 1704-19
Орындаған Намуратова С
Қабылдаған Халикова Н

Кіріспе


Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Нұржан Наушабайұлы шығармашылық өмірбаяны

2. Нұржан Наушабайұлы діни білімінің тереңдігі

3. Ақынның «Назымдары» және олардың көркемдік деңгейі

4. Нұржан Наушабайұлының Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен

ерекшеліктері.

5. Нұржан Наушабайұлы ақындығы және сазгерлігі.

6. Өлеңдеріндегі өмір-тіршілік, оқу-білімге жаңашыл көзқарасы.

7. Діни ағартушы ақынның шығармашылығының зерттелуі.

Қорытынды


Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен, Селдетіп, ән тұқымын сол еді еккен.
Тобылдан көтерілген бір зор айқай, Сібір мен Сыр суына барып жеткен.
Н.Ахметбеков
Халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың осылай деп басталатын өлеңі XIX ғасырдың белгілі ақыны Нұржан Наушабаевқа арналған
Әр заманның өзіне лайық, өзгеден ойы озық, өресі биік дара тұлғаларының болғаны тарихтан белгілі. Өзі өмір сүрген кезеңдегі теңсіздікке, әділетсіздікке қарсы ақындық үн көтеріп, өзіндік көркем туындыларына өзек еткен сондай ақындардың бірі Нұржан Наушабайұлы. Нұржан – заманында ит жүгіртіп, құс салған, жүйрік баптап, бәйгеге қосқан айтулы сері. Әрі бағы барда күреске түсіп балуан атанған, термелетіп жыр төккен, сөйте жүріп әуейленіп әндетпей, салихалы ой айтқан көшелі ақын.{6}
Ақынның өмір жолы туралы айтар болсақ, Наушабаев Нұржан 1858 жылы қазіргі Қостанай облысының Ы.Алтынсарин ауданында дүниеге келген ақын. Діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Анасы Қадишадан (Шал ақынның қызы) жастайынан айрылған ол нағашыларының қолында тәрбиеленгена
Троицк қаласында З.Расулов медресесінде білім алған. Жастайынан араб-парсы тілдеріндегі кітаптар мен татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын оқыды, әнші, сері, балуан танып, дидактик, үлгідегі нақл, терме, толғау, мысал және назым, ғақлия жырларын жазды[9]
Оның 40 шақты өлеңі мен айтыстары «Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидің жұмбақ айтысы» (1903), «Манзұмат Қазақия» (1903), «Алаш» (1910) атты жинақтары Қазан қаласында басылған. Нұржан өлеңдерінің негізгі тақырыбы - өнер-білім мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау. Дидактикалық жанрда жазылған «Қырық тілек» атты 13-жұмбақтан тұратын ғақлия өлеңі көркемдігімен ерекшеленеді. Қоғамдық жайларды исламдық тұрғыдан таразылап, діни өлеңдерінде Құран Кәрімнің маңызын, қасиетін түсіндіруге талпынған ақын мұсылманның парыз-уәжіптеріне талдау жасайды («Қырық парыздың баяны», т.б.). [1]
Шығармашылығы
мысалдарында адамның мінез-құлқы мен жамандық-жақсылық, әділдік жайын, замана бағытын, қоғамдық құбылыстарды сипаттады
«Заманның қалпына айтылған сөз»,
«Тақпақ», «Терме», «Леп ұрған жігітке» өлеңдерінде
А.И.Крыловқа еліктеп жазған «Түлкі мен әтештің хикаясы», «Өгіз бен есек», т.б.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің қызықты қаламгері Нұржан ақынның көзі тірісінде «Манзумат қазақия» (1903 жыл), «Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидің жұмбақ айтысы» (1908 жыл) және «Алаш» (1910 жыл) жыр жинақтары жарық көрген. Нұржан Ы.Алтынсариннің ауылдасы болған.
    • Ақынның көзі тірісінде үш кітабы жарық көрген. Оның алғашқысы араб қарпімен жазылған «Манзумат қазақия» (1903 жыл.32 бет) жинағы.
    • Екінші кітабы «Нұржан мен Сапарғалидің жұмбақ айтысы» (1903 жыл араб әрпінде 16 бет).
    • Үшіншісі «Алаш» жинағы. (1910 жыл, араб әрпінде 63 бет)

Нұржанның мұрасын халыққа танытуда 1997 жылы бұрынғы «Алаш» атымен қайта шыққан ақынның толыққанды жинағының орны ерекшес.
Құрастырып, алғы сөзін жазған Ақылбек, Шаяхмет, Жинақтың да, құрастырушы еңбегінің де құндылығы, алғаш рет ақын мұрасының қазіргі жазу үлгісіне түсіріліп, оқырманды оның шығармаларымен толығырақ таныстырам деген талпынысында.
Әр кезеңдегі Нұржан ақын жайлы айтылған әдебиетші-ғалымдардың, қаламдас-қоныстас адамдардың ой-пікірлерінен үзінділер беріліп, қысқаша алғы сөз жазылған бұл жинақ Н.Наушабаевтың мол мұрасынан мағлұмат бере алады
Кезінде Нұржан ақынға әлеуметтік мәселелерді жырлауға бағыт, кеңес берген Ы.Алтынсарин екен. Ұлы ұстаздың ақыл-кеңесін тыңдап, өзінің бағытын анықтап алған Нұржан ақын, кейіннен Ы.Алтынсаринге деген ризашылығын білдіріп, өлең де арнайды[7]
Жұртыңнан екі жая Тіне, Қармыс, Әр ерлер өз тұсында алған алғыс.
Бүркіттей ұя салған Римстанда,
Талпынтып балапанын ұшты бір құс.
Зәһарды балдан тәтті қылатұғын, Халыққа қамқор ондай ер болмады тұс –
Нұржан – шығармаларының әлеуметтік сипаты, көркемдік стилі жағынан алғанда сыншыл реалист ақын. Ол таза шығармашылыққа көшкен кездегі алғашқы өлеңдерінде өз заманына мұңдана көз тастап, отаршылдық зардабын айқын аңғарған. Сондықтана заман тозады, қоныс тарылады, ел биелеген атқамінерлердің ниеті бұзылады деген сияқты уайым-қайғыға беріледі. Қазақтың шұрайлы жерінен айырылып, күштіден қысым көргенін, халықтың тіршілігі ауырлап, күн-көрісі қиындап кеткенін жырлайды.
Ақынның жаны осындай тығырыққа тірелген жағдайдан шығар жол таппай қиналып, кімнен демеу күтерін білмей дал болады.
Күштінің әлсізді тырп еткізбей ұстап отырғанын, қоғамның құрсаулы екенін меңзейді. Заманның теңсіздігі, жаппай етек алған әділетсіздік, әр адам өз орнын таппай біреудің өнері мен еңбегі еш болып, біреудің асып-тасып, байлыққа мастанып жүргенін баяндай келе, «заман-ай» деп егіледі.
Нұржан -Реалист
Тұлпар кірмей дүбірге Мәстек шауып бәйге алып, Озып жүрген заман-ай! Жүн жібекке теңеліп
Асыл барқыт, берендер
Тозып жүрген заман-ай!
Ақын жер бетінде Исламнан басқа діннің түрі көп екенін, бірақ өзге дінге бой ұрмайтынын, берік ұстанған бағытынан таймайтынын анық айтады.
Тұтастай алғанда Н.Наушабаев мұрасы өз заманынан озық ойларымен, бүгінгі күнмен өзектес ой-армандарды жырлай білгендігімен бағалы.
Ақынның жетістігі сол заманның өзінде-ақ мәңгі өлмес құнды тақырыптардыдәл тауып, жырлағандығында. Сондықтан, оның шығармалары халық жүрегіне сыналып кіріп, салмақты орын алған.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Алматы: Қазақ университеті, 2004
2. Әбдиманұлы Ө. Өзгеден ойы озық Нұржан ақын / Шапағат Нұр, 2004, No4. 3. Шаяхмет А. Таңдайы тақылдаған Нұржан ақын / Ақиқат, 2004, No5
4. Байтұрсын І. Нұржан Наушабайұлының бейіті / Егемен Қазақстан, 2004 5. Қазақ ССР энциклопедиясы IV том Алматы: Ғылым, 1987.
6. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиеті – Алматы:Білім, 1993.
7. Наушабайұлы Н.Алаш. – Қостанай:ЖШС, 1997.
8. Ысмайылов Е. Ақындар. – Алматы: ҚКӘБ, 1956.
9. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі, – Алматы: ҚКӘБ, 1960.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Назар аударып тыңдағандарыңыз үшін рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет