ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет300/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
А.Құсайынов
көшесі - 
(бұрынғы Революция көшесі) 
Ахмедияр 
Құсайынов
 
(1924-1986) 
туралы 
Каз-ПИ-дің 
ректоры, педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор Серік Пірәлиев: «Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу 
орнынан Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде майданға 57 студент аттанған. Кейін 
олардың қатары көбейіп, оқытушылар да әскерге алына бастайды. Сондай-ақ оқу орнының 
ғимараттары әскери мақсаттарға босатылып берілді және оқу бағдарламасы жеделдетіліп 
оқытылып, оқу мерзімі 3 жылға қысқартып, көптеген оқытушы-профессорлар майданда 
офицер ретінде саяси жетекші, взвод, рота, батальон командирі болып қызмет атқарды. Мәскеу 
үшін болған шайқаста ҚазПИ-дің аспиранты, батальонның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин 
Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Мұндай жоғары атаққа ерен ерліктері үшін Лесбек 
Жолдасов, Қанаш Қамзин, Құдайберген Сұрағанов, Рақымжан Тоқатаев, Ахмедияр Құсайынов, 


206 
Сәду Шәкәрім сияқты өзге оқытушылар мен студенттер де ие болды. Сондай-ақ жүздеген 
оқытушы мен студенттер жоғары мемлекеттік наградалардың иесі атанды» деген болатын.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Бөкей Ордасынан 2 мыңға жуық азамат майданға 
аттаныпты. Алайда, тек олардың үшеуі ғана Кеңес Одағының батыры атанады. Олар - 
М.Мәметова, Т.Масин және А.Хұсайынов. Саны саусақпен санарлық тұлғалы азаматтардың 
есімдері білім ордалары мен көшелерге берілді. Бұрынғы Революция көшесі қазір Ахмедияр 
Хұсайынов көшесі болып өзгертілді.
 
Ұлы Отан соғысының батыры. Мелитополь қаласын (Украина) азат ету кезінде көрсеткен 
ерлігі үшін оған Батыр атағы берілді. Ленин орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. 
 
Б.Құлманов атындағы көше
– Зашаған кентіндегі жаңа көше.
Бақтыгерей Құлманов 1859 жылы Бөкей ордасында дүниеге келіп, 1919 жылы Астархан 
губерниясының, Никольский мекенінде дүниеден озған. Алаш қозғалысының көрнекті 
қайраткері. Жәңгір мектебін, Санкт-Петербург император университетінің шығыс факультетін 
тәмәмдаған. Оған қоса 1887 жылы кандидат атағын алып, көп уақыт Баку қаласындағы түрлі 
сайланбалы жауапты жұмыстарда болып, Алашорда Үкіметінің төрағалығына І.Бөкейхановпен 
бірге ұсынылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет