Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи әлеуметтік жағдай туралы түсініктерін тереңдете отырып, қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары мен оның көрнекті өкілдері туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, топпен жұмыс жасату арқылы ізденгіштік, шығармашылық, жауапкершілік және танымдық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Жас ұрпақты өз елінің тарихын білуге, жыр құндылықтарын құрметтейтін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, интерактивті оқыту әдісі.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игерту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүние жүзі тарихы, география, ән
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, алтын теңгелер, таратпа тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
2. Топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
І айналым
«Сұрақ бізден, жауап сізден».
1 минут уақыт беріледі. Жылдамдыққа арналған сұрақтар.
Исатай мен Махамбет
ІІ айналым
«Тұлғаны таны».
Шарты: оқушылардың жасырған тұлғасын көмек арқылы табу. Әр көмек берген сайын 1 ұпай шегеріледі.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Кіріспе. Мұғалім сөзі:
Қазақ даласы ХІХ ғасыр басында көп қиындықты өткеріп, өзегі өртке толып тұрған. ХІХ ғасырдағы Ресей империясының отарлау саясаты тек батырлардың ғана емес, қазақ әдебиеті мен ауыз әдебиетінің де шарықтауына жол ашты. Ақындар мен суырыпсалма жыршылар қазақ халқының ерлік күресін, ержүректігін, батырлар мен қолбасшылардың халыққа адалдығын, берілгендігін жан жақты жырға қосты. Сонымен қатар халқын сатқан хандарды, сұлтандарды, билерді де ашық сынап отырды.
Бұл жырлардың тарих үшін маңызы орасан зор.
1. Авторлар тарихи оқиғаларға тікелей қатысқан, көзімен көрген.
2. Қазақ халқының батыр ұлдары туралы тамаша шығарма туғызу арқылы өткен заманның дәстүрлерін, тарихи тұлғалардың нақты есімдерін кейінгі ұрпаққа жеткізді.
3. Қазақ халқының жаңа ұрпағын тәуелсіздік жолындағы ерлікке, отаншылдыққа, қазақ халқының рухани мұраларын қастерлеуге тәрбиелейді.
Халықтан шыққан аса ірі ақындар қатарына :
Досқожа, Нысанбай, Махамбет, Шернияз, Шөже сынды ақын жыраулар болды. Бұл ақын жыраулардың деректері Тәуелсіздік алғанға дейінгі жылдарда архивтерде тұмшаланып жатып, қазіргі таңда назарға алынып, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптасты.
Сөзіңе – сөнбес жұлдыз тең,
Жалыныңда айбын бар
Керек емес даңқыңа
Белгі темір, кеспек қыш.
От жырларын халқына -
Өшпес мәңгі ескерткіш!- дегендей XIX ғасырдың I жартысындағы өмір сүріп, өз жырларымен сол заман шындығын жырлаған қазақ әдебиетінің өкілдері туралы шығармашылық тапсырмаға кезек беріледі.
ІІІ айналым
Шығармашылық тапсырма қорғау.
1 «Білім» тобы:
Дулат ақын,
Заман жыры толғаған,
Бодандықтан тәуелсіз,
Жұрт болуды қорғаған.
Отарлаған патшаға,
Әділет іздеп,
Жыр найзасын жолдаған- дегендей алғашқы шығармашылық тапсырманы қорғауға І топты шақырамыз.
1 топ:
A. Дулат Бабатайұлы
B. Шортанбай Қанайұлы
2 топ:
A. Шернияз Жарылғасұлы
B. Шөже Қаржаубайұлы
3 топ:
A. Сүйінбай Аронұлы
B. Мұрат Мөңкеұлы
ІV. Сергіту сәті.
V. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
ІV айналым
«Картамен жұмыс».
Шарты: ХІХ ғ. І жар. қазақ әдебиетінің көрнекті өкілерінің туып өскен жерін кескін картада белгіле. 1 минут уақыт беріледі.
V айналым
А. «Кестемен жұмыс».
Шарты: 1минут 30 секунд уақыт беріледі. Бірінші бітірген топқа 1 ұпай беріледі.
Сипаттама Жауабы
Ол елін, жерін жанындай сүйді, озбырлық саясат жүргізіп отырған патша отаршылдарын, халық жерін талан-таражға салған билеуші топты әшкереледі, оған қарсылығын жасырмады. Серігі қаза болғаннан кейін де, ол халықты көтерілісті жалғастыруға шақырады. Ол кім? Махамбет Өтемісұлы
Тапқыр,тілге жүйрік,Жамбыл Жабаевтың ұстазы болған. Сүйінбай Аронұлы
Жастайынан өзінің тапқырлығымен көзге түскен, 1812 жылы оны Бөкей хан беріш руының Жайық бөлігінің старшыны етіп тағайындаған. Махамбеттің серігі болған кім? Исатай Тайманұлы
Жастай екі көзінен бірдей айырылса да,қобыз тартып, өлең айтуға машықтанады. Шөже Қаржаубайұлы
Шөже Қаржаубайұлының өнерін жоғары бағалаған, «суырып салма ақын» деген баға берген, Сібір кадет корпусының түлегі. Шоқан Уәлиханов
Орта Жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Оның “Өсиетнама» дастанын 1880 жылы патша үкіметі тыйым салған. Дулат Бабатайұлы
В. Топ басшылар сайысы
1 топ басшысына сұрақтар
1) Исатай –Махамбет көтерілісі болған жыл:1836-1838жж.
2) « Кенесары- Наурызбай» жырының авторы: Нысанбай Жаманқұлұлы
3) Сырым Датұлы көтерілісі қай жүзді қамтыды: Кіші жүз
4) Хиуа бекінісін құлатқан батыр? Жанқожа
5) Ұлы жүздің соңғы ханы: Батыр (1718-1726жж.)
2 топбасшысына сұрақтар
1) Кенесары көтерілісі болған жыл: 1837-1847жж.
2) «Үш қиян» шығармасының авторы: Мұрат Мөңкейұлы
3) Кіші жүзді Ресейге қосқан: Әбілқайыр
4) Жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда көзге түскен батыр: Қанжығалы Бөгенбай
5) Орта жүздің соңғы ханы: Кенесары (1841-1847жж.)
3 топбасшысына сұрақтар
1) Сырым Датұлы бастаған көтеріліс болған жыл: 1783-1797
2) «О, Сарыарқа, Сарыарқа» жырының авторы: Дулат Бабатайұлы
3) 1771 жылы Орта жүздің ханы болып сайланған: Абылай
4) Қазақ жеріне ең алғаш 1735 жылы салынған бекініс? Ор
5) Кіші жүздің соңғы ханы: Жәңгір(1823-1845 жж.)
VІ. Қорытындылау кезеңі
А. Оқушылардың білімін бағалау.
Жеңімпаз топты анықтау
Топбасшыларына ынталы, жақсы жұмыс жасаған сайыскерлерге баға бергізу, ой пікірін айту;
«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, мемлекетіңнің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» .
Н.Ә.Назарбаев
В. Үйге тапсырма:
1. Оқу, түсінік айту
2. Кесте толтыру
Аты -жөні Өмір сүрген жылы Туған жері Ақын шығармалары Мазмұн
Сабақтың тақырыбы: ХІХғ бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ХІХғ бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениетінің даму тарихын, халық ағарту ісінің даму тарихын, орыс саяхатшылары мен жазушыларының қазақ жерлерін зерттеу мақсаттары мен нәтижелері туралы мағлұматтар беру, қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы, оған әсер еткен тарихи факторлар және көрнекті өкілдері жайлы мәліметтер беру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше іздену, зерттеу жұмыстарын жүргізу шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Оқушылардың АКТ-ны қосымша дерек көздерін пайдалана білу, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Ата-баба тарихын білуге, құрметтеуге, ел жандылыққа, ұлтжанды болуға, елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру, еңбексүйгіштілікке, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері:
Топтық жұмыс
Сұрақ-жауап
Есімдер сөйлейді
Цифрлар сөйлейді
Сыни тұрғыдан ойлау
Электронды оқулық
«Сиқырлы қоржын» ойыны (журналистік жұмыс)
Сызбалармен жұмыс
Салыстыру Венн диаграмасы арқылы
10)Картамен жұмыс
11) Баяндау-Бейнефильм
Сабақтың көрнекіліктері: ҚР картасы, оқулық, қосымша деректер, суреттер, үлестірмелі кестелер, интерактивті тақта, слайдтар, электронды оқулық, фильм, музыка.
Сабақтың көрнекіліктері: ҚР картасы, оқулық, қосымша деректер, суреттер, үлестірмелі кестелер, интерактивті тақта, слайдтар, электронды оқулық, фильм, музыка.
Пәнаралық байланыстар: Әдебиет, география, музыка, өнер, мәдениеттану, орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Оқушыны түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Қазақстанның Ресейге қосылуы.
Сыныпты 2 топқа бөлу. Топ көшбасшыларын сайлау, бағалау парағын тарату. 4 бұрышты фигура – тарихшылар, зоналық фигура – зерттеушілер.
Әр топқа, ішінде бірнеше сұрақтары бар, бір-бір конверт таратылады.
1-сұрақ:
Қазақ жерінің Ресейдің қол астына өтуіне қандай алғышарттар жасалды.
2-сұрақ:
Қазақ халқының Қоқан, Хиуа, Бұқар хандықтарына қарсы көтерілістерінің басталу себептері неде және қандай көтерілістер болды?
3-сұрақ:Қазақ жерлерін отарлауды күшейтуде, патшалы Ресей үкіметі, қандай саясаттарды жүзеге асырды?
4-сұрақ:
Ұлы жүз жерінің Ресейдің қол астына өтуінің нәтижесі?
5-сұрақ:
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның салдарлары
6-сұрақ:
Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызы
ІІІ. Кестемен жұмыс
Екі топқа цифрлар сөйлейді, есімдер сөйлейді деп аталатын 2 кесте интертақтаға ұсынылады.
№1 кесте Цифрлар сөйлейді.
Жылдар
Сандар
Қандай тарихи оқиғалар болды
XVІІІғ соңы
ХІХғ басы
1812-16-20 жылдар
66 мың
1847 жыл
1848 жыл
1860 жыл
1873 жыл
№2 кесте Есімдер сөйлейді.
IV. Үй тапсырмасын қорытындылау
Электронды оқулық
Қазақстанның Ресейге қосылуы
Жаңа сабақты бастауға кірісейік
V. «Сыни тұрғыдан ойлау» әдісі
Бұл бөлімде сыни тұрғыдан ойлау әдісін қолданамыз. Интертақтада мәдениет тақырыбына байланысты бірнеше суреттер беріледі. Оқушылар ойлана отырып, суреттердің мәнін тапқаннан кейін, жаңа сабақтың тақырыбы айқындалады.
VI. Сабақтың тақырыбы
ХІХғ бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
VII. Сабақтың жоспары
1.Халық ағарту ісінің дамуы
2. Орыс ғалымдары мен жазушыларының Қазақстанды зерттеуді бастауы
3. ХІХғ І жартысында Қазақ әдебиетінің қалыптасуы
4.Қазақ музыка өнерінің қалыптасуы
5.Материалдық мәдениет
6.Рухани мәдениет
VIII. Электронды оқулық
ХІХғ Қазақстан мәдениеті
ІХ. Тақтада елбасының мәдениетке байланысты сөзі көрсетіледі. Мұғалімнің түсінігі әңгіме-дәріс әдісі бойынша.
Мұғалімнің сөзі
- Мұрагер-ізбасар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы. «Ат тұяғын тай басар» дегендей, біздер аталарымыздың аманатын жеткізуші, орындаушы ұрпақтарымыз. Ата-бабалар мұрасын сақтай оытырп, ұлттық құндылықтарымызды, рухани байлықтарымызды, тілімізді, әдебиетімізді, дінімізд, мәдени мұраларымызды, өткен тарихымызды құрметтеп, қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, жалғастырушы жас ұрпақтармыз!
-Қазақ жерінің Ресейге қосылуы, өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму барысына әсер етіп қана қоймай, білім беру, ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дәстүрлері мен мәдениетінің жаңа бағыт алуына да барынша әсер етті.
Х. «Дара жол» бағдарламасының жүргізушісі Дана Нұржігіт бізде қонақта.
Жүргізуші Дана Нұржігіт әр топ мүшелеріне сұрақтар қояды.
1 топтың сұрағы: ХІХғ бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениетінде қандай өзгерістер болды?
№3 кесте Халық ағарту ісі
1822 жылы «Сібір қырғыздарының жарғысы»
1824 жылы «Орынбор қырғыздарының жарғысы»
1831 жылы Омбы орысша әскери училище
1831 жылы 18 қыркүйекте
Семей әскери училище
1836ж Қазақтар үшін Өскемен училище интернат
1850жыл
Орынбор Шекаралық комиссиясы жанынан қазақтарға орысша бірнеше мектептер ашылды
2 топтың сұрағы:
Орыс жазушылары мен ғалымдарының Қазақстанды зерттеу жұмыстары қандай нәтижелер берді?
№4 кесте
Орыс ғалымдары мен жазушыларының Қазақстанды зерттей бастауы
В.И.Даль
1833-1841ж
Түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиеттерін үлгілерін жинастырды, әңгімелер, шығармалар жазды. «Бөкей мен Мәулен» повесін жазды.
Орынбор Қазақтарының тұрмысын сипаттады.
А.С.Пушкин
1833ж
1773-75ж Е.Пугачев Орынборда болып, туралы мәлімет жинады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасымен танысты. «Капитан қызы», «Пугачев бірлігі» шығармаларын жазды.
П.С.Корелин
1848-49ж
Каспий теңізіне экспедициясы картаға түсірді
А.Бутаков
1848-49ж
Арал теңізіне экспедициясы картаға түсірді
Саяхатшылар:
Е.П.Колпаковский, Н.А.Северцев, П.И.Небольсин
Топографиялық зерттеулермен шұғылданды. Табиғи байлықтарын анықтады. Орыс географиялық қоғамын ұйымдастырды.
Тарих этнографтар
Ғалымдар
А.Левшин
Н.Красовский
Э.Мейер
И.Заволишин
Қазақтардың өмірін зерттеп, тарихи еңбектер басып шығарды.
Фольклоршы, этнограф, саяхатшы
Г.Потанин
А.В.Затаевич
Өмірі мен өнерін зерттеуде «Қазақ халқының 500 әні»,
«Қазақ халқының 1000 әні» шығармасын жазды
Өмірі мен өнерін зерттеуде «Қазақ халқының 500 әні»,
«Қазақ халқының 1000 әні» шығармасын жазды
1 топтың сұрағы: Қазақ әдебиеті мен музыка өнерінің қалыптасуында қандай ерекшеліктер болды?
«Салыстыру әдісін» қолданамыз, талдаймыз.
№5 кесте Венн диаграммасы
Қазақ әдебиеті және музыка өнері
Әдебиет Музыка
Махамбет Өтемісұлы
1804-1846
Шернияз Жарылғаұлы
1807-1867
Шөже Қаржаубайұлы
1808-1895
Сүйінбай Аронұлы
1822-1895
Ақындар
Шөже Қаржаубайұлы
1808-1895
Сүйінбай Аронұлы
1822-1895
Ақындар
Жыраулар
Суырып салма
Шешен
Өлеңдерінде енгізілген еңбекшілер өмірін суреттеді
Патша үкіметінің озбырлығын сынады
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз
Шөже
Сүйінбай
2 топтың сұрағы:
Салыстыру әдісі
Венн диаграммасы
Мәдениеттің ерекшеліктерін атап беріңіздер?
Мәдениет
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлері
Шаруашылығына байланысты
«Отпен тазарту»
«Бие мұрындық»
«Қазық майлау»
«Отау қағу»
«Отау қағу»
Отбасына байланысты
«Құда түсу»
«Үкітағар, қарғы бау»
«Ұрын бару»
«Қашар кеші»
«Жылу»
Рухани
Ауыз әдебиеті
Жазба әдебиет
Музыка өнері
Діни наным-сенімдер
Діни наным-сенімдер
Аңыздар, эпостық жырлар, ертегілер
«Кодекс Куманикус»
«Оғызнама»
Өзбек ақыны Хорезмидың «Мухаббатнамасы», Кутбтың «Хұсрау мен Шырыны», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха» шығармалары
Күйлер:
«Ескендір»
«Қамбар батыр»
«Шора батыр»
«Шора батыр»
«Жошы ханның жортуы»
«Ақсақ құлан»
«Ел айырылған»
«Сағыныш»
Т.б.
Ислам дінінің суффизм тармағының таралуы ислам дінінің тез дамуына әсер етті. Ислам мен шаманизмнің діни наным сенімдері қатар өмір сүрді.
Материалдық
Материалдық мәдениет кезінде кез-келген халықтың шаруашылығына байланысты болады. Қазақ халқы материалдық мал мәдениетінің бір саласы мал шаруашылығымен және егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен байланысты күнделікті еңбек құралдары болып табылады. Қазақ халқында дамыған қолөнер салалары: тоқымашылық, киіз басу, ағаш, металл, сүйек және мүйіз өңдеу – көшпенді халықтың күнделікті тұрмысында белді орын алды.
Киіз үй – материалдық мәдениеттің дәстүрлі жалғасы. Әрбір отбасы өздері жасап отырды, арба үстіне жасалған киіз үйлері де болды. Қазақ халқының киім-кешектері негізінен мал өнімдерінен жасалған. Материалдық мәдениеттің негізгі бір көрсеткіші – тағам түрлері болады. Қазақстанда болған Европа саяхатшылары ол туралы жазған.
«Сиқырлы қоржын» ойыны
Оқушылар қоржыннан асық алып өлең айту, күй орындау өнерлерін көрсетеді.
«Сиқырлы қоржын» ойыны
Оқушылар қоржыннан асық алып өлең айту, күй орындау өнерлерін көрсетеді.
№1 асық – өлең айту
№2 асық – күй тарту
№3 асық – мақал-мәтелдер айту
№4 асық Алтын асық – ән айту
«.. Қазақта өлең атасы – Абай, күй атасы – Құрманғазы десе, ән атасы – Әміре деп кесіп айтуға болады. Әміре сынды топтан озған тұлпардың аты қазақ халқының жүрегінде мәңгі өшпейді.»
«.. Қазақта өлең атасы – Абай, күй атасы – Құрманғазы десе, ән атасы – Әміре деп кесіп айтуға болады. Әміре сынды топтан озған тұлпардың аты қазақ халқының жүрегінде мәңгі өшпейді.»
Мұқатай Тоқжігітов
«Қазақ халқы табиғатынан әнші халық, маған бар қазақ даласы ән салып тұрғандай»
Г.Потанин
Музыка адаммен бірге жасап, бірге қайнасып келе жатқан ұлы құбылыс.
Абай атамыз айтқандай:
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойныңа кірер денең.»
Жаңа сабақты бекіту
1.Мәдениет дегеніміз не?
2.ХІХғ - осы дәуірдегі мәдениеттің айырмашылықтары неде?
3.2017ж өтетін ЭКСПО жайлы не білесіңдер?
Сабағымызды қорытындылай келе ЭКСПО жайлы қысқаша баяндап кетейін.
ЭКСПО атауы – өзінің аты айтып тұрғандай, «экспонат» деген сөзден шыққан. Қазақшаласақ, жәдігер болады, яғни ол – жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Онда ЭКСПО-ның кезекті таңдаған тақырыбына орай жұрттың бұрынғы-соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылады.
Мысалы, 1862 жылы Лондонда болған ЭКСПО-да жұрт алғашқы тігін машинасымен танысқан. 1876 және 1893 жылдардағы Филадельфия Чикаго (АҚШ) ЭКСПО-сында жұрт назарына тұңғыш телефон аппараты және алғашқы электр қуатымен жарықтандыру жүйесі ұсынылған. Ал енді бүгінде әлем жұртшылығы қолданып жүрген «телевидение» деген сөзді қолданысқа 1900 жылы Париждегі көрме кезінде орыс инженері К.Перский өндірген екен.
Бекітілген тақырыбына қарай көрмелерге қолөнер, бейнелеу өнері, өнеркәсіп, жаңа технология туындылары, түрлі пайдалы қазбалар мен олардан алынған өнімдер де қойылды. Адамзатты алаңдатып отырған экология, урбанизация сияқты жаһандық проблемаларға қатысты жаңалықтарда осында талқыға түседі.
1889 жылы ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған бүгінде бұл мұнара Париждың символы.
Осы кезде 1925 жылғы Париждегі көрмеде өнер көрсеткен әнші Әміре Қашаубаевтың «Балқадиша» әні оқушыларға ұсынылады. ЭКСПО-2017 Астана туралы бейнефильм көрсетіледі.
«Әміре Қашаубаев – қазақ әншілерінен шет елдерге шығып, өнерін көрсету мүмкіндіктеріне ие болған бірден-бір тұңғыш адам.»
А.В.Затаевич
«Әміре – ұлы әнші, азамат. Оның өмірі мен қимылы әлі де зерттеле түседі. Ол жөнінде талай кітаптар, дастандар жазылмақ. Оның аты ән мектебінде мәңгі қалды.»
А.Қ.Жұбанов
V. Қорытындылау, бағалау.
Оқушыларға бағалау қағазы таратылады, өзара бағалау парағы арқылы топбасшысы оқушыларды бағалайды.
VI. Үйге тапсырма беру.
Достарыңызбен бөлісу: |