Облыстық дарынды балалар мектеп – интернатының тарих пәнінің мұғалімі Ахтамгалиева Гульдарига Ханзадаевна «Ең үздік сабақ» номинациясы



Дата05.06.2017
өлшемі46,97 Kb.
#18134
Атырау қаласы

Облыстық дарынды балалар мектеп – интернатының

тарих пәнінің мұғалімі Ахтамгалиева Гульдарига Ханзадаевна
«Ең үздік сабақ» номинациясы
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: §34. Қазақстанның XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстанның XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерінің ескерткіштері туралы, оларды салуға қолданылған материалдардың ерекшеліктері туралы түсінік беру.



  • Оқушыларды өз елінің тарихи ескерткіштері мен ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанды сүюге, ұлт-жандылыққа тәрбиелеу, өнерге

қызығушылығын тудыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсінік беру.

Көрнекілік құралдары: орта ғасырлардағы Қазақстан картасы, деректер, кестелер, сәулет өнері ескерткіштерінің суреттері.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен сабақты пысықтау

3. Жаңа сабақты баяндау

4. Бекіту, қорытындылау, бағалау

5. Үй тапсырмасын беру



Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылар біз өткен сабақта Орта ғасырлардағы Қазақстанның мәдениетінің дамуы туралы өткен болтынбыз, ендеше үй тапсырмасын еске түсіріп, төмендегідей сұрақтарға жауап беріп көрейік:

1. Көшпенді халықтарда мәдениет болмаған дегенге келісесіздер ме?

2. Сіздер үшін рухани байлық пен материалдық байлықтың ерекшелігі неде?

3. Сәулет өнері мәдениеттің бір бөлшегі дегенді қалай түсінесіздер?

4. Өздеріңіз тұратын жерде қандай сәулет ескерткіштері бар?


Жаңа сабақтың жоспары:

1. Сәулет өнері.

2. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

3. Алаша хан кесенесі. Көккесене.

4. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі.

5. Отырар.

6. Қолданбалы өнер.
Кесене – діни құрылыс, белігі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.

Сәулет өнері – Х- ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген, дәлел Тараз қаласының маңынан 18 шақырым жерде салынған Айша Бибі, Бабаджа қатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындысы, әрі қарай өркендеуіне Монғол шапқыншылығы үлкен зиян тигізді. Дәлел XIII-XIV ғасырларға дейін құрлысы нысандары салына бастаған. Мысалы бізге жеткен тамаша сәулет өнері Арыстан баб, Қожа Ахмет Йасауи, Көккесене, Алаша хан т.б. кесенелер жатады. Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде Сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.

11

Қожа Ахмет Йасауи кесенесі. XIV – XV ғасырларда Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнері – Қожа Ахмет Йасауи кешенді кесенесі. Қожа Ахмет исі мұсылман дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушысы, ақын. Кесене ОҚО Түркістан қаласының орталығында орналасқан. Тарихи деректерге жүгінсек 1397 жылы Әмір Темір салдырған, негізгі мақсат Қожа Ахмет Йасауидың мұсылмандар арасындағы беделін көтеру, пір тұтушылардың сеніміне ие болу. Аумағы 46,5х65,5 м биіктігі 37,5 м, алдынғы беті шығысқа қараған, екі беті күмбезді 35 бөлмеден тұрады. Ең үлкен орталық бөлмесі 18,5х18,5, ортасында 1399 жылы жасалған үлкен Тайқазан тұр. Ең негізгі бөлмелердің бірі кітапхана мен Оңтүстік үлкен Ақсарай, кіші Ақсарай. Оларда атақты адамдар жерлерген. Ең басты бөлмесі Көрхан деп аталады, онда Ахмет Йасауидің мүрдесі қойылған. Кесененің сырты әйнек, сырлы құйма кірпіштер қапталған, қабырғалары түрлі өрнектермен әшекейленген. Көрханның үстіне қатпарлы күмбез тұрғызылған.
Алашахан кесенесі. XIV – XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Б.з.д ІІ – І ғасырда өмір сүрген. Алаша хан көне қытай, араб деректерінде де есімі аталатын тұлға. Ұлытау жерінде Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Кесене Х – ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы, ерекшелігі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалынған, іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Ондағы өрнек Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді. Сырты қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі, таңдай, жүрекше оюларымен безендірілген.
Қолданбалы өнер – өнер атаулының ішіндегі ең күрделісі, үлкен шығармашылықты қажет етеді. Кез-келген сәулеттік құрылысты жасаған соң әрленуіне көңіл бөлу керек, болмаса шыққан шығын зая кетеді. Сондықтан құрылысшылар әдемілеуде қолданбалы өнерді пайдаланған. Жаңа үлгілері қалыптаса бастады, күмбез шатыр пайда болды. Күйген кірпіштен бір жағын түрлі-түсті әйнек сыр жағылған кірпішті пайдаланды. Оның сыры әлі күнге ашылмаған. Орта ғасырдағы құрылыс материалдарының сапалы жасалуынан сәулет өнерінің жоғары деңгейде болғанын көреміз.
Оқулықпен жұмыс.

Өрмекшінің торы тәсілін қолдандым.
Дәптермен жұмыс.

Тест жұмысы.

1. Аталған сәулет өнері ескерткіштерінің қайсысы монғол шапқыншылығынан кейін салынған

а. Айша-бибі кесенесі б. Арыстан-баб кесенесі

12

ә. Білеулі ғимараты в. Ақыртас ғимараты



2. Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған сәулет өнерінің ғажайып туындысы

а. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі б. Боран мұнарасы

ә. Алаша хан кесенесі в. Бабаджа-қатын кесенесі

3. ХIV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіш

а. Аяққамыр күмбезі б. Алаша хан кесенесі

ә. Мырзарабат сардобасы в. Дың ескерткіштері



Жаңа сабақты бекіту

Сұрақ – жауап әдісі:

1. Сәулет өнері деген қандай өнер?

2. Қожа Ахмет Йасауи кесенесін кім салдырған?

3. Айша-Бибі кесенесін салдырған хан кім?

4. Рабиға Бегім кесенесі қай ғасырда салынған?

5. Қолданбалы өнер деген қандай өнер?


Үйге тапсырма.

Қазақстанның ХIV-XV ғасырлардағы сәулет өнері.



Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы әңгіме жазу.

Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет