169
Біздің пікірімізше, «Байана» түркі-моңғол тілдес халықтардың көпшілігінде бар ұғым.
Мәселен: Алтай телеуіттерінде ол аспан /көк/ құдайларының басшысы, ортақ атауы. Соның
ішінде жиі қолданатыны «Тотай пайана» - найзағай, жаңбыр мен бұршақтың иесі, бұлт түрінде
көрінеді. «Байанаға» баласы жоқ жандар сиынады, байананы «ене йайачы» деп атайды, оған
арнап құрбандық шалады. Қазақ ішінде «байана» құдайына табыну ұмтылғанымен де, биік
таулардың бауырындағы үңгірлерге барып «байанаға» тәуәп ету, құрбандық шалу, сырқатқа
шипа, баласызға перзент сұрау дәстүрі әлі жалғасып келеді.
Қазақ тіліндегі «бәйтерек», «бәйшешек», «байғыз» /байқұс/, «бәйбіше», «бәйтөбет» т.б.
ұғымдар қалай болғанда да «бай /байана/» сакралдық мағынасына тікелей байланысты болса
керек. Ол үлкендікті, қасиеттілікті білдіреді. Жиі қолданылатын сөздің бірі «баян» – құтты,
берекені, молдықты білдіреді және байана сөзінен тікелей туындайды. Бұл жерде «байана»
қасиетті «Жер-сумен» тікелей байланысты болғандығын, Тәңірінің сепкен дәнін өсіріп-өндіріп
шығаратын ана есепті екенін ұмытпау керек. Этнографиялық деректер түркі-моңғол
халықтарының Байана, Ұмай ана, Май ана деп атап жүргендерінің бір ғана ана құдайы екенін
анықтайды.
Қазақтың ішінде сақталған «ой-бай» сөзінің мағынасы тек Байана ұғымы арқылы ғана
түсінікті болады. «Ойбай» Байананы көмекке шақыру, жалбарыну, толық нұсқасы «Ой-бай-
ана». Көне заманда «байана» ұғымының географиялық және этникалық шекарасы Еуразия
құрлығын түгел қамтып жатты. Бұл ұғым тек түркі-моңғолда ғана емес, үнді-еуропа, финно-
угор, семито-хамит т.б. тіл семьяларында кеңінен тараған.
Байана қашан Баян сұлуға айналды? Бұл мәселеге түрік қауымдастықтарының ісләм дінін
қабылдауымен тікелей байланысты қараған жөн. Байана әуел бастан дүниетаным моделінің
ішіндегі ең бір көркем образ болғандығына дау жоқ. Ол көне бақсылық түсініктерде аяғы ауыр
әйел-ана кейпінде сүреттерге түсті, оның әдемілігін табиғаттың ең бір сұлу суреттерімен
салыстырып отырды. Ендеше Баян сұлу бейнесіне негіз болған Байана сөзі Жаратушы образы
ретінде ондаған, мыңдаған жылдар, ал Баян сұлу образы ретінде өмір сүре береді.
Достарыңызбен бөлісу: