173
«Жалбыр», «Ер тарғын» атты алғашқы қазақ операларын, қазақ музыкасы негізінде «Дудар-ай»
қазақ және орыс халқының достығын бейнелейтін «Амангелді» (М.Төлебаевпен бірге) тарихи-
әлеуметтік тақырыпта «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» балеттерін, жалпы қазақ халқының 250 әні
мен күйін жазған адам.
М.Бутин көшесі -
(бұрынғы Крылатская көшесі)
Мәжікен Есенұлы Бутин (1910-1974ж.ж) 1910 жылы Батыс Қазақстан облысының
Жаңақала ауданында туған. Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстанның еңбегі сіңген экономисі.
1931 жылы Ленинградтың тұтыну – кооперативтік институтын, 1931 жылы Мәскеу
экономика және тауартану институтының аспиратурасын бітіріп, еңбекке араласқан.
1933-1940 жылдары Ресейдегі Челябинск және Алматы қалаларындағы жоғарғы оқу
орындарында, 1941-1943 жылдары ССР Ішкі істер халкомы жүйесінде жауапты қызмет
атқарған. Бұдан кейін өмірінің ақырына дейін өз республикамызда басшылық қызметтерде
істеген. 1945-1954 жылдары Қазақ Республикасы тамақ өнеркәсібі министрі, 1954-1957
жылдары Целиноград (қазіргі Ақмола) облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1957-1967
жылдары Қаз МУ-де және Алматы халық шаруашылығы институтында кафедра меңгерушісі
болады.
ҚазМу-де республикадағы тұңғыш бухгалтерлік есеп кафедрасын ұйымдастырады. Осы
саланың мамандарын даярлауға қосқан үлесі зор. Бірнеше оқулықтың авторы. Ордендермен,
медальдармен наградталған. 1967-1974 ж.ж. Қазақ Республикасы тамақ өнеркәсібі министрінің
бірінші орынбасары болып қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: