Біржан сал көшесі -
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» шағын
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Біржан сал Қожағұлұлы - Қазақтың әйгілі ақыны, сазгер. Ол 1834 жылы Ақмола
облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған
жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне
айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері
– Біржан салдың ұстаздары.
1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің
дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын
жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның
Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді,
т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның
композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Біржанның
үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған.
Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер қуған, бертін келе өз жанынан да ән шығара
бастайды. Ол - қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз
шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы.
Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік,
ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді.
Біржанның алғашқы әндерінің бірі - «Біржан сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да,
салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. «Айтбай», «Ақтентек»,
«Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал
шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар.
Мысалы, «Ләйлім-Шырак» немесе «Көлбай-Жанбай» әнінде жоғалған шідерін тілге тиек
ете отырып, өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толкынысы, көніл
күйі паш етіледі. Оның «Жанботасы» тек Азнабай болыстың ғана зорлықшылдығын әшкерелеп
қоймайды, сол сияқты озбыршыл Жанботаларға деген ақынның ашу-ызасын білдіреді. Ал
«Адасқақ» атты әнінде осы ойын, шонжарларға деген іштегі ыза-кегін одан әрі айқындай
түседі. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салның наразылығы,
өкініш үні тіпті оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу
есік алды» деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.
Біржан сал әнші-композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырыпсалма ақын да
болған (Біржан мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет, Доскей
174
сияқты ақындар жалғастырды. Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі трагедиялық жағдайда өтті. Ел
ішіндегі руаралық талас-тартыстың салдары Біржанға да соқпай кеткен жоқ. Біржанды
«жынданды» деп ел арасына жалған лақап таратып, қол-аяғын байлап, жан азабын тартқызады.
Кеңестік заманда әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржаның жырларын, сыршыл
әндерін жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырды.
Біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері: «Ғашығым»,
«Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», «Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай –
Жанбай», «Шідер», т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |