179
Дулатұлының Ш.
Уәлиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынұлы туралы мақалалары, «Қазақтар
мен қырғыздардың шығу тарихы»
деп аталатын қөлемді еңбегі, екі бөліктен тұратын «Қазақ
кітаптарының библиографиялық қөрсеткіші» т.б. туындылары нәзік эстетикалық талғамымен
және тереңдігімен ерекшеленеді. 1913 жылдан бастап Орынборда «Қазақ» газеті шыға бастады.
Мұнда Міржақып А.Байтұрсынұлымен бірге белсенді еңбек етті. М.Дулатұлы «Алаш»
партиясының бағдарламасын түзушілердің бірі болды. 1917 жылдың аяғынан 1918
жылдың
көкегіне дейін М.Дулатұлы «Қазақ» газетін басқарды, «Алашорда» үкіметі жетекшілерінің бірі
және оның Әскери Кеңесінің мүшесі болады. 1919 жылы Міржақып көптеген алашордалық
қозғалыс қайраткерлерімен бірге Кеңес өкіметі жағына өтеді. 20-жылдардың
екінші
жартысынан қазақ зиялыларын қуғындау басталады. М.Дулатұлы да тұтқындалып, 1930 жылы
ату жазасына кесілді. Бірақ бұл жаза 10 жыл түрмеге отырғызумен ауыстырылады.
М.Дулатұлы Соловецк лагерінде 1935 жылы 5 қазанда көз жұмды. 1988 жылдың қарашасында
ақталды. М.Дулатұлы «соқтықпалы, соқпақсыз» шығармашылық және ғұмырлық жолдан өтті.
Соңына асыл мұра қалдырды. Ол әдеби тілдің кемеңгер білгірі болды, қазақ журналистикасы
кадрларының қалыптасуына ықпал етті. М.Дулатұлы- халықтың саяси санасын оятқан
үркердей шоғырдың жарық жұлдыздарының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: