ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет271/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Думан көшесі -
Круглоозерное кентіндегі жаңа көше атауы. Қызық, тамаша ойын, сауық 
деген абстракты ұғым. 
 
Е 
 
Елеусін Бұйрин көшесі
- Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Жақсы ауыл»
 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Ордада шыға бастаған «Қазақстан» газетінің 
жарық көруіне Ғұмар Қараш, 
Елеусін
Бұйрин
(редакторы), Бақытжан Қаратаев, Шәңгерей 
Бөкеев атсалысты.
 
Еңбекшілер көшесі -
(бұрынғы Трудовая көшесі)
Деркөл кентіндегі жаңа көше атауы.
Еңсеп Досқалиев көшесі –
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Түйепалуан Еңсеп Досқалиев - (т.ж.б. Қаратөбе ауданы -1944. Иваново-Франков облысы 
Колимин ауданы Украина Печежинск селосы), балуан, қазақша күрестен республикалық 
тұңғыш абсолюттік чемпионы (1939). Жастайынан ауылдағы жиын тойларда күресіп, әуелі 
"ысық балуан", 1937 ж. мамыр мерекесінде Қаратебе ауданының "Сталин жолының" балуаны 
Сүйесінді жеңгені үшін "түйе балуан" атанды. 1939 ж. Семей қаласында қазақша күрес 
бойынша өткен республика чемпионатына қатысқан орта салмақтағы Досқалиев барлық салмақ 
дәрежелері бойынша қарсыластарын жеңіп, республиканың абсолбттік чемпионы атанды. 1940 
ж. 21 шілдеде Мәскеудегі Бүкілодақтық физкультурашылар шеруіне, 1941 ж. ақпан айында 
Қырғыз КСР-інің 15 жылдық мерекесіне қатысып, шаршы алаңда белдесуде қарсыластардың 
барлығын жеңген. Соғыс басталған шақта жергілікті тұтынушылар одағының, кейін "Сәуле" 
ұжымшарының төрағасы қызметін атқарып жүрді. 1942 ж. өзі сұранып, майданға аттанды, 8-
атқыштар дивизиясының 310-полкінің құрамында ерлікпен шайқасып, Украина жерінде қаза 
табады. Қаратөбе ауданы Музейінде оның майданнан жазған хаттары сақтаулы. Облыс 
келемінде жыл сайын қазақ күресінен Досқалиев атындағы жарыс өткізіліп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет