Жерұйық көшесі
- Зашаған
кентіндегі
жаңа көше атауы.
Жерұйық – қазақ ауыз әдебиетінде Асан Қайғы атына байланысты аңызда айтылатын
жер аты. Онда Асан Қайғы “аңдыған жауы жоқ, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған,
халыққа тыныш, бейбіт мекен іздейді”. 5-8 ғ. түркі тайпаларында да Жерұйық сөзі – жайлы
қоныс, бейбіт мекен деген ұғымда айтылған. Түркі көне жазбаларында Жерұйық сөзі “ыдуқ,
иер-суб” түрінде айтылып, құтты жер – су деген мағынаны білдіреді.
Ш.Жексенбаев көшесі -
(бұрынғы Камышинская көшесі)
Жексенбаев Шәкір– 1901 жылы 28 ақпанда Бөкей Ордасы ауданында, Шоңай ауылында
дүниеге келген. 1988 жылы Москва қаласында қайтыс болады.
Ш.Жексенбаев- әскери қайраткер, генерал -майор. Ордадағы жоғары бастауыш
училищесін, Мәскеудегі М.В.Фрунзе атындағы жоғарғы әскери академиясын бітірген. Бөкей
губерниясының әкімшілік-ұйымдық жұмыстарына қатысқан.
1919ж. өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, қазақтың тұңғыш атты әскер полкінің
құрамында бөлімше, взвод командирі, эскадрон командирінің көмекшісі болады. Азамат
соғысына қатысқан.
1924-41ж. әскери бөлімдерде, Қызыл армияның әскери басқармасында, Қиыр Шығыс
ерекше армиясында жауапты қызметтер атқарды.
Ұлы Отан соғысы кезінде Батыс, Орталық, Брянск, Ленинград майдандарында жоғары
командалық қызметте болады.
1945-49ж.
К.Е. Ворошилов атындағы химиялық шабуылдан қорғану әскери
академиясының кафедра бастығы, Кеңес армиясы химиялық әскер басқармасы бастығының
орынбасары, Беломор әскери округі химиялық қызметінің бастығы, 1949-58 ж. В.В. Куйбышев
атындағы Әскери-инженерлік Академиясының кафедра бастығы және аға оқытушысы болып
қызмет атқарады.
Өмірінің соңғы сәтіне шейін Мәскеу қаласында тұрды. КСРО ордендерімен және
медальдармен марапатталған.
Жоламан батыр көшесі –
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» шағын
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Жоламан Тіленшіұлы – қазақ халқының 19 ғасырдың 20 – 30-жылдарындағы Ресей
империясының отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, халық
батыры. Кіші жүз құрамындағы Жетіру тайпалары бірлестігінің табын руынан шыққан. 19
ғасырдың 20-жылдарының басында Ресей империясының Орынбор әкімшілігі Елек өзенінің
бойындағы табын руының жерлерін тартып алып, бекіністер сала бастайды. Орал, Елек,
Бердянка, Құраты өзендерінің бойында 29 бекініс бой көтеріп, ол Жаңа Елек шебі деп аталды.
Ресей империясы әкімшілігінің мұндай отарлау саясатына қарсылық білдіріп, Жоламан
бастаған бір топ табын руының адамдары 1823 жылы, 3 қыркүйекте Орынбор генерал-
губернаторы Эссенге хат жолдайды. Қазақтардың жер мәселесін қарайтын комиссия төрағасы
Шерғазы хан олардың бұл талаптарын заңсыз деп танып, наразылық қимылдарына қарсы әскер
күші қолданылатынын ескертеді. Мұндай өктем жауап Жоламан батыр бастаған табын руы
қазақтарының қарулы көтеріліске шығуына түрткі болды. 1835 жылға қарай олардың қатарына
Алшыннын: Байұлы( Адай, Жаппас, Алтын, Шеркеш және тб), Жетіру (Табын, Жағалбайлы,
Тама) , Әлімұлы (Төртқара, Шекті) және Орта жүз Арғың, Қыпшақ тайпаларының адамдары
қосылып, көтерілісшілер саны 4500 жетті. Көтерілісшілерге қарсы Орынбор әкімшілігі арнайы
әскери бөлімдер жіберіп, көтерілісті басып тастауға күш салды. 19 ғасырдың 30-жылдарының
187
ортасынан бастап Жоламан батыр Кенесары Қасымұлы жасағымен бірігіп, отаршыл саясатқа
қарсы күрес жүргізеді. Кенесары қолы оңтікке қарай бет алғанда Жоламан батыр бастаған
көтерілісшілер тобы ыдырай бастайды. 19 ғасырдың 40-жылдарының басында Жоламан
батырдың өзі Бұхараға қоныс аударады. Одан кейінгі тағдыры белгісіз.
Достарыңызбен бөлісу: |