ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет276/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

М.Есламғалиұлы көшесі - 
(бұрынғы
 
Макетная көшесі)
Мұқадес Есламғалиұлы
-
1946 жылы Сырым ауданы, Жосалы ауылында дүниеге келіп, 
2006 жылы Алматы қаласында дүниеден өткен. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, 
жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. 1979 жылдан бастап Алматыдағы 
«Жалын» баспасында аға редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Тамаша» ойын-сауық 
отауында бас редактор, «Денсаулық» журналында қызмет істеді. «Жазушы» баспасында 
жетекші редактор қызметін атқарған. Бірнеше тарихи – танымдық кітаптардың авторы. 
Еділ көшесі 
(«Солтүстік-Шығыс» шағын ауданындағы- бұрынғы Самара трассасы 
бойындағы көше атауы)
Еділ
 -
Еуразия құрылығындағы ірі өзендердің бірі. 


184 
Ж 
С.Жақыпов атындағы көше -
Зашаған
 
кентіндегі 
 
жаңа көше атауы. 
Серікқали Жақыпов (1892, Ресей, Саратов обл.- 1939 ж) –
 
белгілі қоғам қайраткері. 
Жоғарғы бастауыш училищені, педагогикалық курстарды бітіріп, мұғалім болған. 1917ж. 
Бөкей губерниясындағы революциялық қозғалысқа араласты. 1918ж. қарашада Бөкей 
ордасында алғашқы комсомол ұясын құрып, 1919ж. губерниялық комсомол комитетінің 
хатшылығына сайланып, 1919-37 жылдары жауапты қызметтер атқарған. Сталиндік «Қызыл 
қырғын» кезінде Жақыповтың жазықсыз қуғындалған қазақ зиялыларына араша түсіп, «егер 
Сәкен Сейфуллин халық жауы болса, онда мен де жаумын» деген сөзі азаматтық ерлік пен 
асқақ рухтың рәмізіндей қанатты тіркеске айналып кеткен.
 
С.Жақсығұлов көшесі - 
(бұрынғы Казахстанская көшесі)
Жақсығұлов Садық Шәкелұлы (1924-2009) –Кеңес Одағының Батыры, соғыс және еңбек 
ардагері. 1941 жылға дейін май зауытында жұмыс істеген. 18 жасында майданға сұранып
Курск иініндегі сұрапыл шайқасқа қатысады. Днепр өзенінен қаруластарының өтуін 
қамтамасыз еткені үшін миномет расчетының сержанты С. Жақсығұловқа Батыр атағы берілді. 
Тасқала ауданының Құрметті азаматы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет