ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Х.Есенжанов атындағы көше



Pdf көрінісі
бет275/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
Х.Есенжанов атындағы көше
– («Омега» зауыты маңындағы «Самал» шағын ауданына 
қарай жалғасатын жаңа көше атауы) 
Хамза Есенжанов - 25.12.1908 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданында 
дүниеге келіп, 5.12.1974ж Алматы қаласында дүниеден өткен жазушы. Алматы зоотехникалық-
малдәрігерлік техникумын (1928), Алматы мемлекеттік институтын бітірген (1933), 
Ленинградтағы мемлекеттік өнертану институтының аспирантурасында оқыған(1934-1936), 
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы (1932-1933), КСРО ҒА Қазақ 
филиалында әдебиет пен фальклор секторын (1936-1937) басқарады. 1937 жылдан Қазақ 
мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ академиялық Опера және балет театрының 
директоры қызметін атқара жүріп, ҚазПИ-де орыс әдебиеті тарихынан сабақ береді. 30-
жылдары «Өлеңтінің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке күш» сияқты әңгімелері және «Жер 
шарында» атты сахналық шығармасы жарияланды. Одан кейін жазушы сталиндік жаппай 
жазалау толқынына ілігіп, көп өмірін итжеккенде өткізіп оралған. 1956 жылдан қаламгерлік 
өнімді еңбек жолын бастады. Атақты «Ақ Жайық» трилогиясы (1-кіт., 1957; 2-кіт., 1959; 3-кіт., 
1965) Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына арналған. Автор отарлық езгіден 
қиналған, халық бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін (Хакім, 
Әлібек, Әділбек, Шолпан, Нұрым) жасаумен қатар, нақты тарихта болған адамдардың 
(Дмитриев, Әйтиев, Қаратаев, т.б.) өмір жолын шебер суреттеді. 1963 жылы трилогияның 
заңды жалғасы болып табылатын «Көп жыл өткен соң», ал 1970 жылы «Ағайынды 
Жүнісовтер» романдарын жазды. Соңғы екі кітапта жаңа өмір құрған елдің сан қырлы тұрмыс-
тіршілігі мен әділет үшін күресі, адамның азамат ретінде қалыптасуы бейнеленген. «Ақ 
Жайық» трилогиясы мен «Көп жыл өткен соң» роман-дилогиясы 5 кітаптан тұратын роман-
эпопея іспетті. Өмірінің соңғы жылдары «Қарт қазақ», «Жайын ілерде», «Жар», т.б. әңгіме, 
очерк, әдеби-сын мақалалар жазды. 1978-1981 жж. жазушының 6 томдық шығармалар жинағы 
шықты. «Ақ Жайық» романы орыс тіліне аударылып, одақтық, республикалық баспалардан 
(1964, 1969, 1973) жарық көрді. Ол М.Шолоховтың «Тынық Дон» («Тихий Дон») романының 1 
және 4 кітаптарын, И.С.Тургеневтің «Рудин», И.П.Шуховтың «Өшпенділік» романдарын, 
А.С.Пушкиннің «Дубровский» повесін, т.б. шығармаларды аударады. Абай атындағы Қазақ 
КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Еңбек Қызық Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен 
және медальдармен марапатталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет