ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет273/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
С. Есқалиев көшесі - 
(бұрынғы Почиталина көшесі)
Сүндетқали Есқалиев 1924 жылы Шыңғырлау ауданы, Сұлыкөл aуылында дүниеге келіп, 
1944 ж Могилев облысында опат болған. Кеңес Одағының батыры (24.3.1945). 1942 жылы 
шілде айында Қызыл армия қатарына алынады. 1944 жылы 556 атқыштар полкінің рота 
құрамында болған Есқалиев Могилев облысы, Быховск ауданы, Лидчица деревнясын неміс 
басқыншыларынан азат ету жолында А.Матросовтың ерлігін қайталайды. Ерекше ерлік 
көрсеткені үшін С.Есқалиевқа қаза болғаннан кейін Батыр атағы беріледі. 1966 жылы 
Шыңғырлау ауданы Константиновка селосында Есқалиевтің мүсін ескерткіші қойылды. Орал 
қаласындағы бұрынғы Почиталина көшесіне С.Есқалиевтің есімі берілді.
 
Р.Егізбаев көшесі - 
(бұрынғы Крестьянская көшесі)
Рахметолла Сүйіндікұлы Егізбаев (1924-1983ж.ж) - 
ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, соғыс және еңбек ардагері. 
«Қараша қаздар қайтқанда» (1975 ж), «Дала бұлбұлдары» (1980ж), «Іздедім сені» (1985ж) 
өлеңдер жинағы және «Шешуші күш» (1970ж) атты очерктері жарық көрді. 
Бірнеше рет қазақстан Компартиясы съездеріне делегет, облыстық Советінің депутаты 
болып сайланған. 
Үш рет «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Халықтар достығы» орденімен, 8 медальмен 
марапатталған.
Ерсары батыр атындағы көше -
Зашаған кентіндегі жаңа көше атауы. 
Ерсары, Ырсалы Кәсіпұлы (т.ж.б. – 15.11.1837, Тастөбе)- батыр, Исатай мен Махамбет 
бастаған көтерілістің белді мүшелерінің бірі.
Қазақ елінде ерен ерлігі, көзсіз батырлығы еленбей жүрген ерлердің бірі – Сары батыр 
(Ерсары). 
Сары батыр – қазақ сардары, он екі атасына дейін аттан түспей, сауытын шешпей ел 
қорғаған адам. Уақ нәсілінің немересі Қарақасқа атты Қамбар болса, оның немересі – Ер 
Көкше, шөбересі – Ер Қосай. Бұл үшеуінің аңызға бергісіз ерліктерін халқы жырға қосқан. 
Сары мен Баян – осылардың ұрпағы.
Ертеде оттай өжет сол Уақтың,
Ер Көкше, Ер Қосайдай ері болған.
Сол ері ерте күннің, Ер Көкшенің, 
Нәсілінен қайтпас алмас Баян туған. 
Баянның ер ағасы – батыр Сары,
Қос қыран тізе қосып жауын қуған.
Арқамдай жер жүзінде жер бола ма?


181 
Айбынды Алашымдай ел бола ма? 
Алашта ертеде өткен екі арыстан, 
Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма? 
Солардың нәсілінен Сары, Баян, 
Барыстай ойын салған сар далада, – деп Мағжан ақын “Батыр Баян” поэмасында 
жырлаған болса, Шоқан Уәлиханов “Исторические предания о батырах ХVІІІ в” деген 
еңбегінде былай деп жазады: “Это любимец Аблая (Баян туралы) и первый храбрец того 
времени. Родом был из рода Уак-Кирея и был убит в одном из набегов на калмыков с братом 
своим батыром Сары, чего часто называют их вместе Сары – Баян”. 
Сары мен Баянның замандасы Үмбетей жырау ағайынды қос батырды Қабанбай, 
Бөгенбаймен қатар қояды.
Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай,
Сары, Баян мен Сағымбай, 
Қырмап па еді жауыңды, 
Қуантпап па еді қауымды, 
Ұмыттың ба соны, Абылай! 
Маңызды жорықтарға аттанарда Абылай ханның Сары мен Баянды іздейтіні, кешіксе, 
тосатыны Мағжанның поэмасында айтылған.
Сары батырды басқалардан жақсы білетін, әрі ұстазы Қожаберген жырау атақты “Елім-
ай” дастанында:
Қиыншылық ылғи болмас, әлі-ақ өтер, 
Сарбаздар жауды ұзатпай тентіретер. 
Бөгенбай, Ерсары, Асқап, Жабай Көшек, 
Қалмақты қойша қырар, зар еңіретер. 
Қожаберген шығармаларында Сары батыр Ерсары деп аталады. Жырау Ордабасы болған 
кезінде Сары батырды жастайынан жасағына алған, соғыс ісіне үйреткен. Алғашқы 
ұрыстардан-ақ көзге түскен бала батырды Ерсары деп атап кеткен. Ол немере інісі Батыр 
Баяннан екі мүшелдей үлкен болса керек. Батыр Баянның туған жылы – 1714 жыл. Сары батыр 
Павлодар облысының Жезді ауданының бір ауылында дүниеге келген.
Ерсары батырдың қайтыс болған жылы мен зираты да белгілі. 1771 жылы сексеннің 
үстіне шықса да, үйде отыра алмай Қожаберген жырау да 60 жылдай өмірін ат үстінде өткізіп, 
жоңғарлардың жеңілісінен кейін 81 жасында садағын немересіне аманаттаған дейді. Еділ 
бойындағы қалмақтармен соғыста ауыр жараланып, содан айықпаған күйі 81 жасында көз 
жұмады. Зираты – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылынан 4-5 
шақырымдай жерде. Үй орнындай обаны жергілікті тұрғындар “Сарыоба” деп атап кеткен. 
Басқа белгі жоқ. Қазір Ерсары батырдың ұрпақтары Шал ақын ауданында, Батыр Баян 
ұрпақтары Мағжан Жұмабаев ауданында тұрып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет