180
оқуға түседі. 1915 жылы университетті өте жақсы нәтижемен бітіріп шығады. Елге келген соң
Калмыков уезінің Жылықоныс деген ауылында дәрігер болып жұмыс істейді.
Дәрігерлік қызметін атқара жүріп қоғамдық жұмыстарға араласады. 1918 жылы «Ақжол»
саяси үйымының төрағасы болды.
Кеңес үкіметі орнаған кезде Қасаболатов да кеңес қызметінде болады.
1920 жылы Орал губерниясында денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі және Орал
губерниялык төңкерістік комитетінің төрағасы болады, НКВД-да жұмыс істейді. Осы кезден
бастап ол басшылық міндеттер атқара жүріп, саяси қызметке араласады. 1925 жылы Қазақ
автономиялық кеңестік социалистік республикасы түтынушылар кооперациясының төрағасы
болып, 1928 жылға дейін сол мекемені басқарады.
1930 жылы Астрахан қаласында РК(б)П ауылдық комитетінің хатшысы болып сайланып,
бір жылдай жұмыс істейді. Кейін Астрахан округі Атқару комитеті төрағасының орынбасары
болады. 1931 жылы Алматы медициналық институтының директоры болып тағайындалады.
Бұл жүмыстан босаған соң, 1933 жылы Алматы облысындағы «Қызылқайың» кеңшарының
директоры болып екі жыл қызмет істейді. 1936 жылы Е.Қасаболатов Қазақ КСР Денсаулық
сақтау халық комиссариатының экономисі, жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне дейін
көтеріледі. Бұдан кейін «Главнефть» тресті өлкелік кеңсе басқарушысының екінші орынбасары
болады. «Нефтьорг» қоғамының Қазақстандағы өкілінің орынбасары болады. Осындай
лауазымды жүмыстар атқарған Е.Қасаболатов кеңес үкіметіне оның іскерлігі емес, халыққа
қамқор, ұлтына жанашыр пиғылы ұнамайды. 1937 жылдың 29 тамызында Алматы қаласында
тұтқынға алынып, 1938 жылы 26 ақпанда ату жазасына кесілді.
Достарыңызбен бөлісу: