ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет283/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

«Жұмыр-Қылыш» көшесі
- Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Балауса» 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау. «Жұмыр қылыш» деген Махамбет бабаның 
шығарған күйінің аты. Қазіргі уақытта Ұлытау тобының орындауында трек және альбомы бар 


189 
Жүсіпбек Аймауытов көшесі -
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Арман» 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Жүсіпбек Аймауытов (
1889

1931
) — 
қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, 
публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. 
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл 
ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. 
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, 
ел арасында білікті кісілер екен. 
Жүсіпбек жастайынан арабша хат танып, оқу үйренген.
1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі 
(Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ 
мектебінде оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 
1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар 
семинариясына қабылданып, 1918 жылы аяқтап шығады. 
Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын 
шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. 
Кейін (1919) Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді.
Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық 
ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). 
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (
1921
), «Қазақ тілі» газетінің 
редакторы, Қарқаралыда мектеп мұғалімі (
1922

1924
), 
Ташкентте
шығатын «Ақ жол» 
газетінің бөлім меңгерушісі (1924—
1926
), Шымкент педагогикалық техникумының директоры 
(1926—
1929
) қызметтерін атқарады.
1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйымымен 
байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 
1931
жылы ату жазасына 
сырттай үкім шығарылған.
Әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы 
қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. 
Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын
«Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, 
эстетика, тәрбие туралы зерттеулер тудырды. «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», 
«Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», 
«Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті 
тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар.
Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін 
сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның 
поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын 
көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен 
байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық 
мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі
.
Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том 
етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 
жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.
Семейде «Жанар» атты ұйым құрылған. Ұйымның негізгі мақсат-міндеті: қарапайым 
халыққа көмектесу, ұлт бостандығы жолындағы жастарды қамқорлыққа алып, білімге, саясатқа 
тарту болды. Халыққа қасірет әкелген алапат аштық тұсында - Ж.Аймауытұлы мұраттас 
серіктестіктерімен бірге қол ұшын береді. Мәдени-рухани түрғыдан, әлжағынан қолдап, көмек 
етеді. Отызыншы жылдардың ойранына, НКВД-нің қанды шеңгеліне түскен қайран ер таланты 
кемелденіп, үлкен шығармашылық кезеңге бет бұрған шағында - 1930 жылдың 21 сәуірінде 
Мәскеудегі Бутырька түрмесінде атылды. 
Жүсіпбек Аймауытұлының рухани өмірі аяқталған жоқ. Оның қаламынан туған, әсіресе 
ақындық әлемін танытатын («Сарыарқаның сәлемі», «Көшу», «Нұр күйі», т.б.), кемел 
прозашылығын («Әнші», «Елес», «Жол үстінде», «Қара бақсы» - әңгімелер), «Күнікейдің 
жазығы», (повесть), «Қартқожа», «Ақбілек» (романдар), белгілі драмашылығын («Сылаң қыз», 


190 
«Мансапқорлар», «Рабиға», «Ел қорғаны», «Қанапия - Шәрбану», «Шернияз»), айтулы 
аудармашылығын («Сараң сері», «Тас мейман» (А.С.Пушкин), «Бақылаушы» (Н.В. Гоголь), 
«Бейшаралар» (В. Гюго), «Дәмелі», (Ф. Дюшен), «Тау еліндегі оқига» (С. Чуйков), сындарлы 
сыншылығын - «Мағжанның ақындығы туралы», «Аударма туралы», «Сұңқар жыры», жан 
жүйесінің білікті білгірі екендігін - «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Комплекспен оқыту 
жолдары», «Жаңа ауыл» т.б. еңбектері табиғи талант қырларын жан-жақты жарқырата көрсетті. 
Балаларға арналған - «Жаман тымақ», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Үш қыз» сынды 
ертегілер қарапайым мәтін мен көркем суреттің табиғи тұтастығы мен үндескен үлгісін терең 
танытады. Ең маңыздысы, бұл еңбектер бүгін де рухани-тәлімдік қырларымен мәнді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет