ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет282/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Қыз Жібек көшесі - 
Круглоозерное кентіндегі жаңа көше атауы.
«Қыз Жібек» -лиро-эпостық жыр. Қазақ фольклоршыларының басым көпшілігі «Қыз 
Жібекті» 17 ғасырда пайда болған деп есептейді. Жырды тұңғыш рет 1880 жылы 
Е.Александров жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударып жазған. 19 ғ-дың 2-
жартысында театр мұғалімі Фалиолла Тухватуллин ел арасынан «Қыз Жібек» жырын жинап
1894 жылы Қазан қаласында бастырады. 1958 жылы қазақ эпосы «Казахский эпос» 
жинақтарына енгізілді. Сондай-ақ орыс тілінде 1988 жылы жеке кітап болып шықты. Жыр 
Батыс Қазақстан аймағында, Жайық бойында өрбитін оқиғаларды суреттейді.
Жігер көшесі
– «Солтүстік -шығыс» шағын ауданындағы жаңа көше.
Қажыр-қайрат, күш-қуат мағынасындағы абстракты ұғым. 
М.Жүнісов көшесі - 
(бұрынғы Плясунков көшесі)
Мәжит Жүнісов – Кеңес Одағының батыры. 1917 жылғы қыркүйектің 21-інде Жаңақала 
ауданының Жаңақазан ауылында шопан отбасында дүниеге келген. Жасынан мал баққан ол 
Кеңес Армиясы қатарына 1938 жылы шақырылып, Ұлы Отан соғысына 1942 жылдан бастап 
араласады. Прагада қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры М.Жүнісовті туған жерінде де, Чехия 
елінде де құрметтейді. Батыс Қазақстан облысынан Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының 
Батыры атанған қырық ердің бірі - жаңақалалық Мәжит Жүнісов. Бір ғана Жаңақала ауданынан 
4596 адам сұрапыл майданға аттанса, соның 2266-сы отбасына оралған жоқ. Солардың бірі 
тура 1945 жылы мамырдың 9-ы күні , соғыс біткен күні, ерлікпен көз жүмған Кеңес Одағының 
Батыры Мәжит Жүнісов болатын. Артында ұрпақ та қалған жоқ. 1943 жылдың қыркүйек 
айындағы түндердің бірінде М.Жүнісов бастаған сарбаздар жау тылына жасырын еніп, неміс 
полкінің штабына граната тастап, 25-тен аса фашистің көзін жояды. Азық-түлік артқан керуені 
мен күзетшілерін тұтқынға алды. Тапсырманы ойдағыдай орындаған М.Жүнісов ІІ дәрежелі 
Отан соғысы орденімен наградталады. 
Топчино селосы үшін болған ұрыста М.Жүнісов бөлімшесінің жауынгерлері жаудың пулемет 
ұясын, 30 солдаты мен офицерін жойып жіберіп, әскери жүк және радиостансалар тиелген 15 
шанасын қолға түсіреді. Осы операциядан кейін Мәжит Жүнісовке "Жауынгерлік ерлігі үшін" 
медалі тапсырылады. Жауынгерлік тапсырманы орындауда көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін 
Мәжит Жүнісовке 1943 жылғы желтоқсанның 20-сында Кеңес Одағының Батыры атағы 
берілді. 
Қазақтың қаһарман сарбазы Чехословакия астанасы - Праганы азат ету үшін болған 
шайқастардың бірінде ерлікпен қаза табады. Ольшанскідегі кеңес жауынгерлерінің 
бауырластар бейітіне жерленді. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Қазақстан 
Республикасының Чехиядағы елшілігінің шақыруымен батырдың туған інісі Оразғалидың 
үлкен ұлы Тұрарбек Прагадағы бауырластар зиратына барып, тағзым етіп келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет