ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


«Жаңа Орда» – Орал қаласындағы 9 – шағын аудан атауы. Жалаңтөс батыр көшесі -



Pdf көрінісі
бет277/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

«Жаңа Орда»
– Орал қаласындағы 9 – шағын аудан атауы.
Жалаңтөс батыр көшесі - 
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Балауса» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Қазақтың тарихында үш Жалаңтөс батыр болғаны мәлім:Жалаңтөс батыр (1576-1656 ж.), 
- қалмақ пен қазақтың теке тіресі Орбұлак шайқасына жиырма мың қолмен келген Самаркан 
билеушісі. Руы Әлімұлы - Төртқара. Жалаңтөс батыр (1698-1771 ж.)- казіргі Ақтоғай ауданы 
жерінде туып, сол өнірде өмір сүрген Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан 
шыққан. Жалаңтөс батыр - Орта жүздің арғын тайпасы сүйіндік руынан шыққан.Олжабай 
Толыбайұлының ұрпағы. 
Жамбыл көшесі - (
бұрынғы Джамбульская көшесі)
Жамбыл Жабаев (1846-1945
) - 
қазақтың халық ақыны. «Ленин», «Құрмет Белгісі», «Еңбек 
Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Атақты «ленинградтық өренім» өлеңінің авторы.
Жасқұс көшесі -
Зашаған кентіндегі жаңа көше. Жасқұс – Нарын құмының солтүстік 
бөлігіндегі ұзындығы – 17 км. 
ірі құмды алқап.
Орда ауданына іргелес жатқан Жәңгір хан 
өзінің хан ордасын салу үшін осы лирикалық атауы бар Жасқұсты таңдаған. Орда аумағындағы 
жасыл қарағай ағаштарының 70 пайызы осы аумақта өседі. Бұл жерде табиғат сұлулығының 
ерекшеліктеріне, бұлақ көздерінің болуына байланысты Жәңгір хан өзінің ордасын дәл осы 
жерге салдырған. 
Жасыл көше
- (бұрын Зеленая көшесі)
Деркөл кентіндегі жаңа көше.
 
Жасқыран көшесі -
( бұрынғы Молодежная көшесі) -
Деркөл кентіндегі жаңа көше.
 
Т. Жароков көшесі.
Тайыр Жароков (26.09.1908, Бөкей Ордасы- 11.03.1965, Алматы)- көрнекті қазақ ақыны. 
Кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1923-27ж. Орынборда Қазақтың халық ағарту 
институтын, 1928-32ж. ҚазПИ-де оқиды. 1931-35ж. Ленинградтағы Тарих, философия және 
әдебиет институтының аспиранты. Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетінің 
хатшысы(1932-1933), Қазақ мемлекеттік баспасының редакторы(1933-1934), «Қазақ әдебиеті» 
газеті редакторының орынбасары(1936-1938), Жамбылдың әдеби хатшысы(1938-42) 
қызметтерін атқарады. Ұлы Отан соғысы жылдары әскери қызметте болады. 1946 жылдан 
өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет 
баспасында (қазіргі «Жазушы») еңбек еткен. Алғашқы өлеңі «Аэроплан» тұңғыш жинағы 


185 
«Жұлдыздың жарығы» шықты. Кітаптары: «Нефтьстан», «Мотор жыры», «Өмір сөйлейді», 
«Күн тіл қатты», «Мұз тұтқыны», «Тасқын», «Отан дауысы» , Нарын»,«Совет 
сұңқарлары»,«Зоя туралы жыр», «Жеткіншек», «Бақыт жырлары», «Жапанды орман 
жаңғыртты, «Костер басында»,«Қырда туған құрыш», «Құмдағы дауыл», «Тау жырлайды», 
«Теңіз баласы», «Тасқынға тосқын».
Ш.Руставели, А.С.Пушкин, Т.Шевченко, М.Лермонтов, Н.Некрасов, В.Маяковский, 
А.Сурков шығармаларын қазақ тіліне аударады. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет 
белгісі» орденімен марапатталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет