Дәулеткерей көшесі -
(бұрынғы М.Мәметова көшесі)
Дәулеткерей (1820-1887)-қазақ халқының атақты күйші-сазгері, күй өнеріндегі
лирикалық бағыттың негізін салушы.
Дәулеткерей Шығайұлы Қазақтың халық композиторы, күйші. Д.Шығайұлы 1820 жылы
БҚО, Бөкей Орда ауданының бұрынғы Қарамолда деген жерінде дүниеге келген және сол туған
жерінде 1887 жылы қайтыс бола(ды. Дәулеткерейдің әкесі Шығай Бөкей Ордасының сұлтаны
болған. Өзінің қоғамдағы орнына қарамастан Дәулеткерей билікке ұмтылған жок, ол адам
баласының рухани дамуының жақтаушысы болды. Дәулеткерей көп саяхаттаған, өнер және
руханият өкілдерімен кездесіп, олардың өмірі мен тұрмысын зерттеген. Әсіресе оны халықтың
қоғамдық және тұрмыстық мәселелері, еркіндік үшін күресі қызықтырады. Исатайдың ұлт-
азаттық көтерілісінің куәгері болды. Кейін оның ұстазы болған халық күйшісі Мүсірәлі
Бердалыұлымен кездесуі халық қалаулыларымен жақындасуына мүмкіндік берді. Ол
Орынборда білім алған қазақ жастарымен тығыз байланыста болады. Композитордың
өміріндегі маңызды оқиғаның бірі- ұлы күйші Құрманғазымен кездесуі. Қоғамдағы жоғары тап
өкілдерінің кінәлануына қарамастан, Дәулеткерей Құрманғазымен бірге қарапайым халықтың
өмірімен,
бостандыққа,
ркіндікке
ұмтылысын
талқыға
салады.
Дәулеткерейдің
шағармашылығына Құрманғазыдан басқа Соқыр Есжан, Байжұма, Мүсірәлі сияқты күйші-
домбырашылар да әсер еткен. Ұлы адамдардың әсер етуімен композитордың көзқарасы мен
шығармашылығы дами түседі. Дәулеткерей шығармаларында қоғамның прогрессивті
көзқарасы, өмір философиясы, уақыт лирикасы, халық, тарихи көрініс табады. Әсіресе
күйлерінде табиғат пен оның сұлулығы көркем баяндалады.
Дәулеткерейдің күйлері:
«Ақбала қыз», «Ат қалған», «Байжұма», «Бапас күй», «Ващенко», «Желдірме», «Жігер»,
«Жұмабике», «Керілме», «Көркем ханым», «Қорұғлы», «Қарақожа», «Қосалқа», «Қосағалы»,
«Қоңыр», «Құдаша», «Қыз Ақ-желең» , «Қос ішек» , «Мұңды қыз», «Нар идірген», «Салық
өлген», «Тартыс», «Топаң», «Тұндырма», «Ысқима», «Шолтақ» т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |