ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет265/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
 
С.Ғұмаров көшесі - 
(бұрынғы
 
Даринь ская көшесі)
Сәкен Ғұмаров 1937ж. 3.11.Жәнібек ауданында дүниеге келген. 1995 жылы қайтыс 
болды. Белгілі суретші, театр қайраткері, журналист. Қазақстан Республикасы Суретшілер 
одағының мүшесі. 
1957-58.ж.ж. Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрында актер 
болып қызмет етеді. 
1962-63ж.ж. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр және өнер институтында, 1964-65 
ж.ж. Ленинград музыка, театр және киноматография институтында оқыған. Актерлік 
шеберлікті, режиссураны жете меңгерген. Бірақ С.Ғұмаров жұршылыққа суретшілік өнерімен 
танымал.Суретшінің көрмелері 1986-95ж. Алматыда, Оралда, Киевте (1990 ж.), 
Мәскеуде(1992), Екатеринбургте (1990ж), Челябіде (1990ж) және Ресейдің т.б. бірнеше ірі 
қалаларында үлкен табыспен өтті. 
1996 жылы Орал қаласында жеке сурет мұражайы ашылды. 
 
Д 
А.Дауылбаев көшесі
– 
Зашаған кентіндегі жаңа көше атауы. 
Ахмет Дауылбаев 1903 жылы 30 қарашада Жаңақала ауданында дүниеге келген. 
Мемлекет қайраткері, ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. 
 
1930-37 
жылдары Қазақстан КПОК-нің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің 
меңгерушісі, кейін Жамбыл облысының Луговой, Мерке ауданы партиясы комитетінің 
хатшысы. 1937-53 жылдары Қазақ КСР финанс халық комиссары, Қазақ ауыл шаруашылығы 
және су шаруашылығы министрі болған. 1953 жылдан Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы 
Ғылым Академиясының (қазақ бөлімі) Президиумының төрағасы.
Ленин және 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше 
медальдармен марапатталған.
Алматы қаласындағы Қазыбек би көшесі, 50 үйдің қабырғасында А. Дауылбаевқа 
ескерткіш тақта орнатылған. 1954 жылы А.Д.Дауылбаев Алматы қаласында дүниеден өтті. 
С.Дауымов көшесі 
– (бұрынғы
 
Садовая көшесі )
Дауымов Сатыбалды (1935-2004 ж.ж) - Қазақтың белгілі ақыны, талантты журналист
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.


176 
1959-1995 жылдары «Қазақстанның ауыл шаруашылығы» журналында тілші, бөлім 
меңгерушісі, «Еңбек таңы» журналында бас редактор қызметтерін атқарған. 
«Жалын ғұмыр», «Тауқыметті тағдыр», «Сатыбалды» атты өлеңдер жинағы мен «Сонау 
бір тұрған Нарында» атты деректі-эссе кітабы бар. «Ғасыр, саған айтам», « Елестер мен 
белестер», Аспан асты, жер үсті» атты поэмалардың, Бөкей ордасының тарихы, танымал 
тұлғалары туралы көптеген танымдық мақалалар очерктерінің авторы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет