Берқайыр Аманшин көшесі
– Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Болашақ»
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Берқайыр Сәлімұлы Аманшин - ақын, драматург. (11.11.1924, Орал облысы Қаратөбе
ауданы Батпақкөл ауылы - 17.05.1985,Алматы) 1953 жылы ҚазПИ-ді бітірген. Атырау, Жамбыл
облыстарында әртүрлі жауапты қызметтер атқарған (1948 — 1952). Қазақстан Компартиясы
ОК-нің нұсқаушысы (1952 — 53) болды. Республикалық газет-журналдар мен баспа
орындарында жұмыс істеді.
Алғашқы “Өлеңдер” жинағы 1954 жылы жарық көрді.
Шығармалары: “Жылқылы ауылда”, “Бұтақтағы бұлбұлдар”, “Жетісу -Жайық”, “Ақбота”,
“Менің өмірбаяным”, “Маңғыстауым менің”, “Ақ жүректер”,“Жайық желі”, “Құтты мекен”
өлеңдер мен поэмалар жинақтары, “Жан мұңы”, “Көкжар”, “Гүл көтерген” әңгімелер мен
повестер кітаптары, “Махамбеттің тағдыры” романы жарияланды. “Исатайдың семсері”,
Таныстық керек”, “Жылама, Дәмеш”, “Маңғыстау оқиғасы” пьесалары республикалық,
облыстық театр сахналарында қойылған. Махамбет, Ы.Шөреков шығармаларын жинастырып,
жүйелеп бастыруға елеулі еңбек сіңірді.Л.Н.Толстой, А.С.Пушкин, С.Юлаев, т.б.
шығармаларын, көне орыс әдебиеті ескерткіші — “Игорь жорығы туралы жырды” қазақ тіліне
аударған (1951, 1985).
Бижан Жанқадамов көшесі
–
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Балауса» шағын ауданындағы жаңа көшеге
берілген атау. Жанқадамов .Бижанғали - Батыс Алашорда қайраткері. Ақтөбе тумасы.
Б. Бисенов атындағы көше
- Зашаған
кентіндегі
жаңа көше атауы.
Бақыш Бисенов -
Батыстан шыққан атақты дәрігер.
Ол Ілбішін уезі, Қызылжар
болысындағы №5 ауылда 1878 жылы дүниеге келген. Саратов қаласындағы императорлық
университеттің медицина факультетінде 1910-1917 ж.ж. оқып, білім алып шығады. 1917 жылы
Орал облысы 13-ші Қызылкүлгін ауылдық-дәрігерлік учаскесінде еңбек жолын бастайды.
Кейін Калмыков уездік денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. 1984
жылы басылып шыққан “Алғашқы қазақ дәрігерлері” атты кітапта Б.Бисенов жайлы деректер
берілген. 1925 жылы Жымпиты денсаулық сақтау бөлімінде санитарлық дәрігер болып, одан
әрі Жымпиты ауруханасын басқарады. Азамат соғысы жылдарында Тайпақ ауданының
орталығы Базартөбеде қазақтарға арнап аурухана салдырған. Петербор, Мәскеуге барып,
ғылыми жұмыстармен айналысып, өз білімін үнемі жетілдіріп отырған. 1937 жылдың 16
қыркүйегінде НКВД үштігінің құрығына ілініп, “халық жауы” атанып, ату жазасына кесілген.
Достарыңызбен бөлісу: |