ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет243/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Алшын көшесі
(бұрынғы Строитель көшесі)- Деркөл кентіндегі жаңа көше.
С. Айтқұлов атындағы көше
- Зашаған кентіндегі жаңа көше.
Сәлім Айтқұлов (1913-1975) - Кеңес Одағының батыры, барлаушы. Жетімдер үйінде 
тәрбиеленген. 1943 жылғы 29 желтоқсанда Днепр үшін шайқаста Айтқұловтың қол бастауымен 
жауға 9 рет соққы беріліп, 2 взводты талқандаған. Ауыр жарақатына қарамастан Айтқұлов өз 
взводын жау шебінен алып шыққан. Жеңісті Польша жерінде қарсылаған. 
Ж. Аймауытов атындағы көше -
Зашаған
 
кентіндегі
 
жаңа көше атауы. Жүсіпбек 
Аймауытов(1822-1938) - ғалым, әдебиеттанушы, ақын, жазушы, аудармашы, драматург, 
педагог, қоғам қайраткері. Тіл білімі, мектеп, оқу-ағарту саласымен байланысты көптеген 
еңбектер жазған. “Ана тілін қалай оқыту керек?”, “Комплекспен оқыту жолдары”, “Ана тілін 
оқыту әдісі” атты әдістемелік алғашқы еңбектердің авторы. 


157 
1 - айналма көшесі – 
(бұрынғы 1-я Кольцевая көшесі) — Деркөл кентіндегі жаңа көше.
Ақсарай көшесі
–Зашаған кентіндегі жаңа көше.
Астана 
- Орал қаласындағы 7- шағын аудан атауы.
Ғ.Ахмедьяров көшесі 
(бұрынғы Д.Нурпеисова көшесі)
Ғалым Ахмедьяров (1910-1981) - партизан. 1910 жылы Бөкей ордасы ауданы Искра 
ауылында дүниеге келіп, 1981 жылы Алматы қаласында қаза болған. 1941ж. Армия қатарына 
алынған. Белоруссия жерінде партизан бригадасын құрып, оның штаб бастығы болған. 
Жауынгерлік операцияларда ерлік көрсеткені үшін Ленин, 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысы 
ордендерімен, медальдармен марапатталған.Ғалым Ахмедияров Комсомол – партия 
оргондарында жауапты қызметтер атқарады. Соғыстын бас кезінде тұтқынға түсіп, лагерьден 
қашып шығады. Сөйтіп, Белоруссияның Витебск облысындағы партизан отрядына қосылады. 
1944ж партизан бригадасын құрып және оның штпб бастығы болвп бекітіледі. Неміс 
басқыншыларына қарсы жауынгерлік операцияларда көзге тусіп, ерлік көрсеткені үшін ол 
1944ж Ленин орденімен марапатталады. Соғыстан кейін Алматы облысындағы Жамбыл
Нарынқол, Ақмола облысындағы Атбасар, Қима аудандарында партия комитетінің хатшысы 
қызметтерін атқарған. Алматы қаласының бір көшесі Ғ. Ахмедияров есімімен аталады. 2 – 
дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, медальдарымен марапатталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет