157
1 - айналма көшесі –
(бұрынғы 1-я Кольцевая көшесі) — Деркөл кентіндегі жаңа көше.
Ақсарай көшесі
–Зашаған кентіндегі жаңа көше.
Астана
- Орал қаласындағы 7- шағын аудан атауы.
Ғ.Ахмедьяров көшесі
(бұрынғы Д.Нурпеисова көшесі)
Ғалым Ахмедьяров (1910-1981) - партизан. 1910 жылы Бөкей ордасы ауданы Искра
ауылында дүниеге келіп, 1981 жылы Алматы қаласында қаза болған. 1941ж. Армия қатарына
алынған. Белоруссия жерінде партизан бригадасын құрып, оның штаб бастығы болған.
Жауынгерлік операцияларда ерлік көрсеткені үшін Ленин, 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысы
ордендерімен, медальдармен марапатталған.Ғалым Ахмедияров Комсомол – партия
оргондарында жауапты қызметтер атқарады. Соғыстын бас кезінде тұтқынға түсіп, лагерьден
қашып шығады. Сөйтіп, Белоруссияның Витебск облысындағы партизан отрядына қосылады.
1944ж партизан бригадасын құрып және оның штпб бастығы болвп бекітіледі. Неміс
басқыншыларына қарсы жауынгерлік операцияларда көзге тусіп, ерлік көрсеткені үшін ол
1944ж Ленин орденімен марапатталады. Соғыстан кейін Алматы облысындағы Жамбыл,
Нарынқол, Ақмола облысындағы Атбасар, Қима аудандарында партия комитетінің хатшысы
қызметтерін атқарған. Алматы қаласының бір көшесі Ғ. Ахмедияров есімімен аталады. 2 –
дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, медальдарымен марапатталған.
Достарыңызбен бөлісу: