158
ерекшеленеді. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларда Асан Қайғы есімін үстемдікке,
озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ізгілік символына айналдырды.
Асқар Шайхиев көшесі –
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» шағын
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Шайхиев Асқар Тастайұлы 1963 жылы 15
тамызда Батыс Қазақстан облысы, Сырым
ауданы, Қызылтаң ауылында дүниеге келіп, 2000 жылы 3мамырда Орал қаласында дүниеден
өткен.
Қазақтың палуаны, халықаралық дәрежедегі және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт
шебері.
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Қазақстан және халықаралық
турнирлердің жеңімпазы. КСРО чемпионы (1989, Алматы) және екі рет күміс жүлдегері (1987,
Ташкент, 1988, Омбы). Әлем кубогының иегері (1988, Токио, Жапония). Әлем чемпионы (1989,
Нью-Йорк, АҚШ). Спортшылық жолын аяқтағаннан кейін Шайхиев
Батыс Қазақстан облыстық
ОРМБЖМ-де дзюдо күресінен жаттықтырушы, кейіннен Батыс
Қазақстан облысының дзюдо
федерациясының атқарушы директоры болды. 2003 жылы Шайхиевтің атынан таэквондо спорт
клубы құрылып, содан бері жыл сайын оқушылар арасында республикалық деңгейде
таэквондодан жарыс өтіп тұрады.
М.Абдолов көшесі -
(бұрынғы Раздольная көшесі)
Абдолов Михаил (1918-2006) – Кеңес Одағының Батыры.
1938
жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысы жылдарында 74-атқыштар
дивизиясы құрамында Берлинге дейін жеткен. 1944 жылы 7-қарашада Дунай өзенінен
барлаушылар тобын бастап өткені үшін аға сержант Абдоловқа батыр атағы берілген. Ленин,
Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Соғыстан соң
туған
жеріне оралып, ауыл шаруашылығының әр түрлі саласында еңбек еткен адам.
Достарыңызбен бөлісу: