ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет246/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

С.Ақмурзин көшесі
- (бұрынғы Вальковая көшесі )
Ақмурзин Сәрсен (1909-1999 ж.ж) 1909 жылы Жаңақала ауданында дүниеге келген. 
Қоғам қайраткері, белгілі филолог, ғалым-педагог, соғыс және еңбек ардагері, Қазақстан халық 
ағарту ісінің үздігі, Республика жоғарғы мектебініне еңбек сіңірген қызметкері. Жаңақала 
ауданының және Орал қаласының Құрметті азаматы. 
1936-1938 жылдары Орал қаласындағы қазақ мектебінің директоры, 1943-1952 жылдары 
Орал педагогикалық институтының ректоры, кейін проректоры, қазақ тілі мен әдебиеті 
кафедарасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Жиырма сегіз ғылыми еңбектің авторы. «Қызыл Жұлдыз»,1-дәрежелі Ұлы Отан соғысы, 
«Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 
Аққозы батыр көшесі –
Зашаған
 
кентіндегі 
 
жаңа көше атауы. 
Аққозы батыр Қаратөбе ауданында XV ғасырда өмір сүрген.
 
Қобыланды батырдың қол 
бастаған батырларының бірі.
Қобыландының баласы Бөкенбай қалмақтардан көлді тартып алып, оны Аққозы батырға 
сыйлаған екен. Осы көл Аққозы деп аталады. Аққозы туралы деректер бізге Қоржын ақын 
арқылы жетті. «Қобыланды батыр» жырында: 
Қияқтан шыққан бес батыр,
Қарақозы, Аққозы –
Қатардан асқан қос батыр,-деп берілген. 
Жырда кездесетін Аққозы, Қоскөл, Аққұм, Шыңғырлау топонимдері облыс 
территориясында әлі күнге өзгермей сақталған. Аққозы кеңшарының бір бөлімшесі Қоржын 
деп аталады. Осы жердегі үлкен төбені халық Аққозы батырдың бейіті деп көрсетеді. 
Ш.Айталиев көшесі - 
(бұрынғы Космическая көшесі)
Айталиев Шмидт Мұсаұлы
– 
ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор. 
Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. Қазақстан ғылымы мен техникасына еңбек 
сіңірген қайраткер. ҚазМУ-ды бітірген, 1957-60 жылдары Орал педогогикалық институтының 


159 
ассистенті. 1960-76 жылдары және 1987-91 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының 
математика және механика институтының, 1976-86 жылдары Сейсмология институтының, 
Механика және машинатану институтының кіші және аға ғылыми қызметкері, лаборатория 
меңгерушісі. 1992-97 жылдары Атырау қаласындағы ҚР ҒА Батыс бөлімшесінің академик 
хатшысы қызметкерін атқарған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет