156
ІІІ бөлім. Орал қаласындағы көше атаулары мен шағын аудандар
баяны
А
«Азаулы»
шағын ауданы
-
Мүгедектер үйі ауданындағы тұрғын үй алабы.
Азаттық көшесі
(бұрынғы Овальная көшесі)- Деркөл кентіндегі жаңа көше.
Алау көшесі
- Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Кең дала» шағын
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау. «От», «жалын» сөзінің синонимі. Абстракты жалпы
ұғымды береді.
Алпысбай Қалменов көшесі-
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Балауса»
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Алпысбай Қалменов - Алаштың белгілі азаматы. 1869 жылы Орал облысы, Темір уезінде
туған. Бала кезінде ауыл молдасынан сауатын ашқан. Кейін Орынбор гимназиясында оқып,
орыс тілін жетік меңгереді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ қоғамында
оқу білімнің қадірі күшті болады. А.Қалменов та білім жолына түсіп, кейін университет
бітірген. Алайда оның қандай университетте қандай мамандық бойынша білім алғаны туралы
нақты дерек жоқ. Жастық, жігіттік шағын XIX ғасырда өткізген Алпысбай XX ғасырға жігіт
ағасы болып толысқан шағында жетті. Соған орай, XX ғасыр басындағы әлеуметтік-қоғамдық
жұмыстарға көбірек араласады.
1906 жылы ашылған Ресейдің 1-Мемлекеттік Думасына Бөкей ордасынан депутат болып
сайланған. Думада «Еңбек тобы» функциясында болды. Орданы басқару жөніндегі уақытша
кеңесте кеңесші болды.
1910 жылдардан кейін қазақ халқының басын қосып, тәуелсіз ел болу жолындағы идея
күшейген кезде Қалменов те ұлттың алға басар зиялы тобының қатарынан табылды. Оралда,
Орынборда, Жымпитыда өткен қазақ съездерінің бәріне де қатысады. Сол сьездерде Алаш орда
көсемдерінің бастамасын қолдап отырады. Х.Досмұхамедүлымен бірге жұмыс істейді. Өзінің
туа біткен ұлтшылдығының арқасында Батыс Алаш орда қозғалысының жетекшілерінің біріне
айналады.
Алаш орда таратылған соң кеңес үкіметінің қызметінде болды, онда да халқы үшін адал
қызмет істеу ұстанымынан айнымаған. Ұзақ жылдар Мәскеу, Киев қалаларында жұмыс істейді.
Кеңес үкіметі банктерінде жауапты қызмет атқарады.
1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған.
Достарыңызбен бөлісу: