ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


ШИДІ – Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. ШОЙТАС



Pdf көрінісі
бет239/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ШИДІ
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.
ШОЙТАС 
– Сырым ауданындағы елді мекен. Шойтас – қазақ-қалмақ соғысы кезіндегі 
қазақ батырының аты. Ел арасында «Шойтас атқа қонғанда, сарбаздар жеңбей қайтпас
аттарын кері тартпас» деген сөз бар. 
ШОҚАН
– Жәнібек ауданындағы елді мекен. Ш.Уәлихановтың құрметіне қойылған 
топоним.
ШОҚОҚ 
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. 
ШОҚАЛАҚ
– Жаңақала ауданындағы жер аты. Топоним шоқал сөзінен қалыптасқан. 
Шоқал деп мияның тереңге кететін тамырын айтады. Ертеде қазақтар осы тамырды қазып 
алып, азық ретінде пайдаланған. Оны шоқал қазу деп атаған. Ол жер жүруге пайдасыз болып 
қалғандықтан, «шоқалақ» атанған. 
ШОҚТЫБАЙ 
– Шыңғырлау ауданындағы сай және елді мекен.
ШОЛАНБӨЛЕК 
– Казталовка ауданындағы елді мекен. 
ШОЛАҚ АҢҚАТЫ 
– Теректі, бұрынғы Ақжайық, Сырым, Тайпақ аудандары арқылы 
ағатын өзен.
ШОЛАҚҚОПА
– Казталовка ауданындағы гидроним.
ШОЛАҚ ӨЗЕК
– Қаратөбе ауданындағы гидроним. 
ШОЛАҚ ҚАМ
ЫС – Қаратөбе ауданындағы көл. Қараңыз: Байғұтты. 
ШОЛАҚСАЙ
– Бөрлі ауданындағы гидроним және елді мекен.
ШОМБАЛ 
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен. 
ШОҢҚАЙЛЫКӨЛ
– Қаратөбе ауданындағы гидроним. Шоңқай сөзінің негізінде 
қалыптасқан. Қараңыз: Атшоңқай 
ШОШҚАҚҰДЫҚ
– Тасқала ауданындағы елді мекен. Шошқа зоонимінің қатысымен 
жасалған зоотопонимдер облыстың орыстар көп мекендеген аудандарында ғана болмаса
қазақтар мол қоныстанған оңтүстік аудандар территориясында кездесе бермейді.
ШОШҚАЛЫ
– Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. 
ШОШҚАЛЫОЙ
– Тасқала ауданындағы елді мекен.
ШОШАҚМОЛА
– Бөкей ордасы ауданындағы көне қорым. 
ШОШАҚҚАБАҚ
– Қаратөбе ауданындағы төбе атауы, ороним. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет