ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет236/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Ш 
 
ШАҒАЛА – 
Сырым ауданындағы елді мекен. 
ШАҒАТАЙ
– Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы елді мекен. ХІІ ғасырдағы татар-
моңғол шапқыншылығы кезеңінен қалған атау. Шағатай сөзі Орта түркі дәуіріндегі шағатай 
ұлысының атауы болғаны, сол мемлекеттің ресми тілі саналған шағатай тілі кейін Орта Азияны 


148 
мекендеген қазақ, өзбек, түркімен, қарақалпақ әдеби тілдерінің қалыптасуына негіз болғаны 
белгілі. 
ШАҒАН
– Жайық өзенінің оң жақ саласы. Шаған – Қазақстан территориясына кең 
таралған моңғол сөзі. Шаған атауының төңірегінде талас пікірлер, әр түрлі көзқарастар жоқ 
емес.
1) Е.Қойшыбаев Шаған (чаган, саған, сақан, цахан) сөзін түркі және моңғол тілдерінде 
құмдақ жерлерге тән өсімдік аты, түйе малының азығы деп топшылайды; 
2) Өсімдік атауларын зерттеген Б.Қалиев шаған атаулы шөптің қазақ тілінде төрт түрінің 
кездесетіндігін айтады; 
3) Г.Қоңқашбаев шаған сөзін моңғол тіліндегі цаган (ақ) сөзі екендігін айтады.
Бұл пікірлердің Шаған өзеніне қатысын анықтау арқылы оның атауының қалыптасу 
жолын белгілейтін болсақ, алғашқы екі пікірдің өзен атауымен мағыналық байланысы 
жоқтығы анықталады. Себебі, өзен жағалауында шаған деп аталатын шөп өспейді. Өзен 
атауының қалыптасу себебін оның жағалауында терек ағашының көп өсетіндігімен 
байланыстырған шындыққа жақын келеді. Жаз айларында терек ағашынан ұшатын ақ 
мамықтан өзен беті көрінбей кетеді.
ШАЙДОЛЛА – 
Сырым ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним.
 
ШАЙТАНКӨЛ – 
Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Шайтанкөл, Шайтанкөпір, 
Шайтантал атауларындағы шайтан сөзі діни ұғымға қатысты «көзге көрінбейтін жын, ібіліс» 
деген түсінікті білдіреді.
 
ШАЙТАНКӨПІР – 
Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы елді мекен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет