ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет237/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ШАЙТАНТАЛ – 
Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы елді мекен.
 
ШАҚАБАЙ – 
Қаратөбе ауданындағы өзен атауы. Қараңыз: Шақат. 
ШАҚАТ 
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы өзен атауы. Бетіне соры 
шығып жататын, қағы кепкен, өсімдігі жоқ жерді Шақат деп атаған. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігінде де шақат сөзі «еш нәрсе өспеген», «қағы кепкен, сортаң жер» деген мағынаны 
білдіреді. Атау екі компоненттен тұрады: шақа+т. Бірінші сыңарындағы ескі түркілік шақа – 
чақа түбірі «қызыл шақа ет, қызыл шақа бала» деген тіркестердің құрамында кездесетін, «еті 
жоқ, тақыр» мағынасын береді. Ал –т тұлғасы көптік мағынаны білдіреді. Қаратөбе 
ауданындағы Шақабай өзенінің атауы да осы гидрониммен мағыналас.
ШАЛҚАР
– Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы көл. Шалқар сөзі қазақ тілінде 
«үлкен», «кең», «байтақ» ұғымында қолданылады. Басқа түркі тілдеріндегі мәліметтерге назар 
салсақ, Шалқар сөзі суға байланысты мағынаны береді. Тұңғыс-манчжұр тілінде Шалқар – 
өзен мағынасын, якут тілінде – чалығыр – су шалпылы, тува тілінде – толқын, моңғол тілінде 
цалгиа – үлкен толқын, су сыбдыры, цалчих – жарға соғу, толқындау ұғымын береді. Демек, 
көл атауы шалп – шалпы – шалқы – «ернеуінен асып төгілу» ұғымы негізінде пайда болған. 
Гидроним судың түрлі қимыл-қозғалысы мен қасиетіне байланысты қалыптасқан.
Шалқар көлінің жағалауын Х ғасырларда печенегтер мекендеген. Бұл туралы мәлімет 
921-922 жылдары осы дала арқылы бұлғарлар жеріне сапар шеккен араб саяхатшысы Ахмед 
ибн – Фадланның еңбегінде беріледі. Өлкетанушы Жайсаң Ақбайдың Жымпиты уезінің 
тарихына арналған еңбегінде Шалқар атауын куман тіліндегі «чал-тас» және «қар-қала» 
сөздерінің тіркесінен қалыптасқан деп беріледі. Бұл пікірді негізсіз деп есептейміз. Көл 
орналасқан аймақта көне қаланың ізі жоқ. Сондықтан атау «судың шалпылы» немесе 
«ернеуінен аса шалқу» ұғымдары негізінде қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет