ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет247/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Ақын Сара көшесі -
Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
 
Алаш көшесі - 
(бұрынғы Обьездная көшесі) 
Алаш - 1. Қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы. 
Ерте замандағы қазақ руларының ұраны. 
Ел-жұрт, қауым, көпшілік деген абстракты ұғымды да білдіреді.
Қазақ зиялыларының алғашқы саяси партиясы. 
Қ. Аманжолов көшесі - 
(бұрынғы Дмитриев көшесі) 
Қасым Аманжолов
 
1911 жылы қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы 
Қызыларай қыстауында дүниеге келіп, 1955 жылы 18 - қаңтарда Алматыда дүниеден озған. 
1923 жылы Қасымды ағасы Ахметжан Семейдегі бастауыш мектеп-интернатқа түсіреді. 
Мектептен кейін Қасым Семей мал-дәрігерлік техникумында оқиды. Оны тәмамдағаннан соң 
Оралдаға педагогикалық институтына оқуға түседі. 1930 жылы Алматыға барып "Лениншіл 
жас" газетінің редакциясына қызметке тұрады. 1931 жылы Қасым Оралға келіп, "Екпінді 
құрылыс" газетінде істейді. 1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны Орал қаласында 
өтейді. 
Алғашқы өлеңдерін Қасым Семейде жазған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп 
жүрген "Лениншіл жас", "Қызыл әскер" және "Пионер" газеттерінде жарияланған. 
Қ.Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада 
ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен 
Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл труппа 
тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылады.
1936-1941 жылдары Қ.Аманжолов Алматыға барып, "Социалистік Қазақстан", "Лениншіл 
жас" газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді.
Осы кездерде жазған "Нар тәуекел", "Дауыл", "Көкшетау", "Орамал", "Заула, заула 
Турксиб", "Сұлтанмахмұт туралы баллада" сияқты өлеңдері және де Пушкин, Лермонтов, 
Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның 
шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі. Қасым жұртшылыққа өзінің ақындығы
аудармасымен қатар әнімен, домбра, сырнай, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерімен де 
танылған. "Дариға", "Туған ел" атты өлеңдері бүгінгі жақсы әндер тізіміне қосылады. 
Қ.Аманжоловтың ады, күйім тасып", "Жаным сәулем, еркешім, қызыл гүлім" атты өлеңдері 
Қасымның лириктігін танытса, "Ақын өлімі туралы аңыз", "Боран", "Біздің дастан", "Жамбыл 
тойында" атты поэмалары оның эпиктігін көрсетеді. 
Қасым 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасады. Соғысқа аттанар алдында 
ақын "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" сияқты патриоттық өлеңдерін 
жазады. Соғыс майданында жүріп Қасым "Үстімде сұр шинелім", "Мартбек", "Жеңіс дауысы", 
"Орал", "Ертіс", "Сибирь", "Сарыарқа" сияқты өлеңдерінде туған жердің сыр-сипатын, сұлулық 
бейнесін, соғыс өмірін суреттейді.
1943 жылғы дүниеге келген Қасымның бір ерекше туындысы – "Ақын өлімі туралы аңыз" 
атты поэмасы. Бұл поэма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында қалып 
қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын А.Жұмағалиев туралы болатын. 
Қасым Аманжолов қазақ поэзиясына тың тақырыптар, сюжеттер, образдар әкелді, өлең 
құрылысына өзіндік өрнегін қосып, өзгерістер енгізді. Қазақ әдебиетіндегі аударма ісінің 
дамуына елеулі үлес қосты. «Өзім туралы» «Жас дәурен», «Дариға сол қыз» «Туған жер» әндері 
халық арасына кеңінен тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет