148
мекендеген қазақ, өзбек, түркімен, қарақалпақ әдеби тілдерінің қалыптасуына негіз болғаны
белгілі.
ШАҒАН
– Жайық өзенінің оң жақ саласы. Шаған – Қазақстан территориясына кең
таралған моңғол сөзі. Шаған атауының төңірегінде талас пікірлер, әр түрлі көзқарастар жоқ
емес.
1) Е.Қойшыбаев Шаған (чаган, саған, сақан, цахан) сөзін түркі және моңғол тілдерінде
құмдақ жерлерге тән өсімдік аты, түйе малының азығы деп топшылайды;
2) Өсімдік атауларын зерттеген Б.Қалиев шаған атаулы шөптің қазақ тілінде төрт түрінің
кездесетіндігін айтады;
3) Г.Қоңқашбаев шаған сөзін моңғол тіліндегі цаган (ақ) сөзі екендігін айтады.
Бұл пікірлердің Шаған өзеніне қатысын анықтау арқылы оның атауының қалыптасу
жолын белгілейтін болсақ, алғашқы екі пікірдің өзен атауымен мағыналық байланысы
жоқтығы анықталады. Себебі, өзен жағалауында шаған деп аталатын шөп өспейді. Өзен
атауының қалыптасу себебін оның жағалауында терек ағашының көп өсетіндігімен
байланыстырған шындыққа жақын келеді. Жаз айларында терек ағашынан ұшатын ақ
мамықтан өзен беті көрінбей кетеді.
ШАЙДОЛЛА –
Сырым ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ШАЙТАНКӨЛ –
Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Шайтанкөл, Шайтанкөпір,
Шайтантал атауларындағы шайтан сөзі діни ұғымға қатысты «көзге көрінбейтін жын, ібіліс»
деген түсінікті білдіреді.
ШАЙТАНКӨПІР –
Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы елді мекен.
Достарыңызбен бөлісу: