143
Саррық, Ерсары тайпаларында кездесетінін айтады. Облыс территориясында Ерсары Аңқаты
деген гидроним де бар. Мұның өзі түркі тектес екі халықтың
генеологиялық тегінің бір
екендігін растайды. Теке руының Ұлы жүздегі Шапырашты тайпасында да бар екендігі
С.М.Абрамзонның еңбегінде айтылады.
Т.З.Рысбековтың «Өскен өлке тарихы» кітабында Теке (текке) сөзінің түрік
тілінде
мешіт, діни орын деген мағынаны білдіретінін айта келіп, «берідегі Орал, әрідегі Текке қаласы
оғыз дәуірінде пайда болған қазақтардың, жалпы түрік тілдес тайпалардың үлкен діни орнына
айналған орталығы болды» деген тұжырым айтады. Қазіргі қазақ тіліндегі жер-су атауларының
құрамында ру, тайпа, тайпалық одақ атауларының мол кездесетіндігі талас тудырмайды.
Мұның өзі – қазақ тілінің топожүйесінде қазақ халқының генетикалық
таңбасының ізі анық
байқалатындығының белгісі. Топонимдердің құрамындағы этнотопонимдер күрделі де
маңызды топ құрайды. Оны бірлі-жарым пікірлермен шектеуге болмайды. Себебі ұлттық
этногенезис – өте күрделі мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: