142
фитогидронимдер. Бұлардың қай-қайсысы да о баста су нысандарын белгілеу үшін
қолданылған. Шынында да, тал суы бар жерде ғана өседі.
ТАЛДЫБҰЛАҚ
– Тасқала ауданындағы гидроним.
ТАЛДЫҚҰДЫҚ
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен.
ТАЛДЫӨЗЕН
– Бөрлі ауданындағы гидроним.
ТАЛДЫСАЙ
– Шыңғырлау ауданындағы елді мекен.
ТАЛПЫН
– Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы елді мекен.
ТАЛСАЙ
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
ТАЛТОҒАЙ
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен.
ТАМА
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал, Ақжайық аудандарындағы елді мекен. Кіші
жүздегі Жетіру тайпасына кіретін Тама руының атымен аталған генотопоним.
ТАМДЫ
– Сырым ауданындағы өзен және елді мекен атауы.
ТАМАҚАЙДЫН
– Жаңақала ауданындағы көл. «Тамақ» деп өзеннің көлге құяр тұсын
айтады. Гидронимнің құрамындағы тамақ сөзі су нысанын білдіретін детерминатив ретінде
қолданылып тұр.
ТАҚЫРСАЗАН
– Жәнібек ауданындағы гидроним.
ТАҚАСКӨЛ
– Жаңақала ауданындағы гидроним.
ТАҢАТ
– Тасқала ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ТАПАЛ
– Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы қырат.
ТАРАН
– Теректі ауданындағы елді мекен.
ТАРАУ
– Сырым ауданындағы елді мекен.
ТАСАНШЕГЕН
– Теректі ауданындағы елді мекен.
Достарыңызбен бөлісу: