ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


СҮТТІГЕНДІ – Теректі ауданындағы елді мекен. «Сүттігені көп жер» деген ұғымды  білдіретін фитотопоним.  СЫРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет225/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

СҮТТІГЕНДІ
Теректі ауданындағы елді мекен. «Сүттігені көп жер» деген ұғымды 
білдіретін фитотопоним. 
СЫРАЛЫ
- Казталовка ауданындағы елді мекен. 
СЫРЫҚСАЛДЫ
- Бөрлі ауданындағы елді мекен. 
СЫРЫМ 
– Кіші жүздің биі әрі батыры Сырым Датұлының құрметі берілген атау. 1991 
жылы облыстың Жымпиты ауданына «Сырым ауданы» аты берілді.
СЫРЫМТӨБЕ
– Сырым ауданындағы төбе. Ел ішіне осы төбенің басына Сырым батыр 
шыққан деген аңыз бар.
СЫПЫРА
– Сырым ауданындағы елді мекен. 
Т 
 
ТАЛОВАЯ
– Зеленов ауданындағы гидроним.
ТАЛОВКА
– Жәнібек ауданындағы елді мекен. 
Казталовка
атауымен мағыналас. 
Қараңыз: 
Казталовка. 
ТАБЫЛАЙДЫН – 
Жаңақала ауданындағы көл. Адам атына байланысты қойылған 
гидроним.
ТАЗЫ 
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Тотемдік этнотопоним. Тотемдік 
мағынаны білдіретін сөздер арқылы қалыптасқан жер-су атаулары көптеген халықта бар. 
ТАЗКӨЛ
– Тасқала ауданындағы елді мекен. Жағасы жалаңаш келетіндіктен «таз көл» 
деп аталған. 
ТАЙЫР
– Жәнібек ауданындағы елді мекен. Белгілі қазақ ақыны Тайыр Жароковтың 
құрметіне қойылған антропотопоним.
ТАЙМАС
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антропотопоним. 
ТАЙПАҚ
– Бұрынғы Тайпақ ауданының атауы. Тайпақ атауы «аласа, тайпы» яғни жазық 
ұғымын беретін сөзге –ық қосымшасы жалғану арқылы қалыптасқан. Аудан территориясында 
осындай модель арқылы жасалған Жазық ойконимі де бар. –ық жұрнағы Жайық гидронимінің 
де құрамында кездеседі.
ТАЙҒАРА
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. 
ТАЙБҰҚА
– Бөрлі ауданындағы елді мекен. 
ТАЙША 
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен. 
ТАЛАСКӨЛ 
– Казталовка ауданындағы көл. Облыс топожүйесінде кездесетін Таласкөл, 
Таласқұдық атаулары қазақ халқының отырықшылыққа дағдыланып, мал шаруашылығы мен 
егін шаруашылығы үшін жер бөліп, оның нақты шекараларын белгілеу әрекетінен мәлімет 
береді. Ел арасындағы аңыз әңгімеге сүйенсек, Казталовка ауданындағы Таласкөл гидронимі 
осы өңірді жайлаған екі үлкен ру – Кердері мен Табын руларының таласы негізінде пайда 
болған. Шабындығына қызығудың немесе суының молдығына қызығудың арты үлкен дауға 
соқтырып, кей уақытта қантөгіспен аяқталып отырған. Таласқұдық атауы да осындай тұрмыс-
тіршіліктің нәтижесінде қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет