ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет202/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ҚОСАРАЛ 
-
 
Казталовка ауданындағы елді мекен. 
ҚОСАУЫЗ 
- Ақжайық ауданындағы елді мекен. 
ҚОСБАЗ
- Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Қосбаз ауылының іргесі 1931 жылы екі 
мал қорасынан басталған. Ауыл сол екі қораның атымен аталған. 
ҚОСБАРМАҚ 
- Тасқала ауданындағы елді мекен. 
ҚОСДӘУЛЕТ
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антротопоним. 
ҚОСЖАН
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антротопоним. 
ҚОСКӨЛ
- Қаратөбе, Ақжайық аудандарындағы көл және елді мекен. 
ҚОСҚАТОН
- Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Топонимнің құрамындағы 
Қатон атауыдыбыстық өзгеріске ұшыраған. Қатон сөзінің варианты. Қотан мал қораның бір 
түрі. Ол туралы Қотантал атауында түсінік теріледі. Қараңыз: Қотантал. 
ҚОСМЫРЗА
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен.
ҚОСОБА
- Сырым ауданындағы елді мекен. 
ҚОСПА
- Сырым ауданындағы Жымпиты ауылының көне атауы. Осы жерде Шідерті 
және Өлеңті өзендері қосылады. Осыған байланысты Қоспа атауы пайда болған. 
ҚОСПАҚ
- Жаңақала ауданындағы елді мекен, зоотопоним. Қоспақ деп айыр түйе мен 
нарды будандастырудан алынған түйе тұқымын айтады. 


128 
ҚОСШЕГЕН
- Казталовка ауданындағы елді мекен. 
ҚОСШЫҒЫР
- Бөкей ордасы, Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекендер. 
Қосшығыр елді мекенінің аты халықтың мал шаруашылығы мәдениетіне байланысты пайда 
болған. Шығыр малды құдықтан суаруда су толы шелектің ауырлығын азайту мақсатында 
қолданылатын құрал. Шығыр сөзі құдық атауын да алмастыра береді. Бұл жерде Қосшығыр 
топонимі «екі құдық» мағынасын беріп тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет