ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


ҚАРАЗАГОН – Жаңақала ауданындағы елді мекен. Гибридті топоним. ҚАРАКӨБІК



Pdf көрінісі
бет196/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ҚАРАЗАГОН
– Жаңақала ауданындағы елді мекен. Гибридті топоним.
ҚАРАКӨБІК
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы гиброним. Атау құрамындағы 
қара сөзі «ескі арна» ұғымын беріп тұр.
ҚАРАЗАГОН
– Жаңақала ауданындағы елді мекен. Гибридті топоним.
ҚАРАКӨБІК
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы гидроним. Атау құрамындағы 
қара
сөзі «терең», «түпсіз» деген түсінікті беріп тұр. Ертеде қазақтар көбікті қолмен қазса
кейін оны геологтардың көмегімен аттыратын болған. Геологиялық әдіспен жасалған мұндай 
көбіктер өте терең болып келеді.
ҚАРАКЕМПІР
– Казталовка ауданындағы елді мекен. 
ҚАРАҒАЙ
– Ақжайық ауданындағы елді мекен, фитотопоним.
ҚАРАҒАЙ ҚҰДЫҚ 
– Ақжайық ауданындағы жер аты. Құдық құламас үшін, оны ұзақ 
жылдар пайдалану мақсатында оның түбін қамыспен, шегенмен, ағашпен өретін болған. 
Осылардың ішінде қарағайдан жасалған құдық ұзаққа шыдаған. Ел ішінде оны «сұрып құдық» 
деп те атайды. Бұл – орыс тіліндегі «сруб» «срубленный» сөзінің қазақша берілуі.
ҚАРАҒАНДЫ
– Сырым, Бөрлі ауданындағы елді мекен. Суыққа төзімді, топырақ 
талғамай өсетін қараған бұтасының атымен берілген фитотопоним.
ҚАРАҒАНКӨЛ 
– Бөрлі ауданындағы елді мекен. Қарағанды атауымен синонимдес. 
Қараңыз: Қарағанды.
ҚАРАҚҰМ
– Жаңақала ауданындағы құмды алқап. Қарақұм атауының құрамындағы 
қара сөзі монғол тілінде хара, гара – «төбе» ұғымын береді. Қарақұм – «төбе-төбе құм» деген 
сөз.
ҚАРАОЙ
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Топоним құрамындағы қара сөзі «от», 
«мал жайылатын шөп» ұғымын береді.
ҚАРАМАН
– Тасқала ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ҚАРАМАЙ
– Тасқала ауданындағы елді мекен.
ҚАРАҚАМЫС
– Қаратөбе ауданындағы көл. Гидронимнің құрамындағы қара сөзі 
«қалың», «ну» ұғымында қолданылып тұр.
ҚАРАҚОЙСОЙҒАН
– Қаратөбе ауданындағы жер аты. Әдет-ғұрыпқа байланысты 
қалыптасқан этнотопоним.


125 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет