ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


ҚАЛЕКЕН – Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам атына  байланысты қойылған антропотопоним.  ҚАЛМАҚ



Pdf көрінісі
бет192/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ҚАЛЕКЕН
Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антропотопоним. 
ҚАЛМАҚ
– Тасқала ауданындағы елді мекен. Қалмақ генонимінің қатысымен 
жасалған генотопоним. Бұл туралы Бесқалмақ топонимінде түсінік береді. Қараңыз: 
Бесқалмақ.
ҚАЛМАҚ ҚЫРЫ 
– Жаңақала ауданындағы елді мекен. Қалмақ генонимінің 
қатысымен жасалған генотопоним. Қараңыз: 
Бесқалмақ.
ҚАЛМАҚШАҒЫЛ
– Жаңақала ауданындағы жер аты. 
Қалмақ қыры
атауына ұқсас. 
Қараңыз: 
Бесқалмақ. 
ҚАЛМАҚШАБЫН - 
Жаңақала ауданындағы елді мекен. 
Қалмақ қыры, Қалмақшағыл
атауларына ұқсас. Қараңыз: 
Бесқалмақ. 
ҚАЛЫБАЙБАЗЫ
- Казталовкаауданындағы жер аты. Адам атына байланысты 
қойылған антропотопоним. 
ҚАЛПАҚ
Жәнібек ауданындағы елді мекен, генотопоним. 
Қалпақ
сөзі Батыс 
Қазақстан облысында, татар, башқұрт, халқын атау үшін де қолданылады. Бұл атау олардың 
бас киіміне байланысты қалыптасса керек. Казталов және бұрынғы Жалпақтал аудандарында 
қалпақ
деген ру да бар. Олар – Е. Пугачев көтерілісін қолдаған башқұрт халқының батыры 
С.Юлаевпен бірге келген башқұрттар. Көтеріліс жеңіліске ұшырап, оған қатысушылар 
жазалана бастаған кезде, оңтүстік аудандардағы қазақтардың арасына сіңісіп кеткен. 
Жергілікті халық оларды 
қалпақтар
(«қалпақ кигендер») деп атаған. Кейін осы атау оларды 
бөлек ру ретінде тануға негіз болған.


123 
ҚАМЫСЗАУЫТ
– Теректі ауданындағы елді мекен. Қамыс – мал шаруашылығына 
қажетті құрылыс материалы. Одан үй, мал, қора салуға қажетті плиталар жасалады. 
Қамысзауыт
- қамыстан құрылыс материалын жасайтын орын.
ҚАМЫСҚАЛА
- Жәнібек ауданындағы елді мекен, фитотопоним. «Қала» 
детерминативі жергілікті халық тілінде 
ауыл
ұғымында да қолданылады. 
Қамысқала
– 
қамыстан тұрғызылған ауыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет