ҚАМЫСТЫКӨЛ – Казталовка, Жаңақала ауданындағы гидронимдер.
Қамысы мол көл мағынасын береді.
ҚАМЫСТЫ – Бөкей ордасы, Жәнібек, Тасқала аудандарындағы көл атаулары мен елді
мекен.
ҚАМЫССАМАР – Жаңақала ауданының оңтүстік батысында, Нарын құмына қарай
орналасқан көл.
Қамыссамар – облыстың оңтүстік-батысындағы көлемді көлдің бірі, құрамына
бірнеше шағын көлдерді біріктіретін ірі су бассейні.
Қамыс және
самар детерминативінің
бірігуі арқылы қалыптасқан гидроним.
Самар деерминативінің шығуы төңірегінде бірнеше
пікір бар. Е. Қойшыбаев бұл сөзді көне тілдеріндегі жұрнақ деп санайды. Алайда, ғалымның
бұл пікірімен келісуге болмайды
. Самар сөзінің жұрнақ емес, керісінше, көне түркі
тілдеріндегі су нысанына қатысты географиялық термин екендігіне дау жоқ. Бұл сөздің көне
түркі тілдеріндегі географиялық термині екендігін оның таралу аймағы да дәлелдейді. Ресейдің
Самара қаласының атауы да осы сөз негізінде қалыптасқан. С.Аманжолов көне түркі тіліндегі
самар сөзін
су бассейні деп түсіндірсе, кейбір ғалымдар
самар сөзі
астау мағынасын білдіреді.
Астау мен
су бассейнінің беретін ұғымы бірдей. Сондықтан қамысы қалың, су құятын үлкен
астау тәрізді көл
Қамыссамар деп аталған.
ҚАНАТ – Зеленов ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ҚАНДЫҚАРА – Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Топонимнің
құрамындағы
қара сөзі «төбе», «биіктік» ұғымын береді. Ал
қанды сөзі осы жерде қайғылы
тарихи оқиғаның болғандығын білдіреді.
ҚАНДЫҚҰДЫҚ – Бөрлі ауданындағы елді мекен.
Қандықара, Қандыөзек атауларымен мағыналас.