Тақырыбы: Қарты бар ел, қазыналы ел



Дата25.08.2017
өлшемі56,85 Kb.
#27722
түріСабақ
Тақырыбы: Қарты бар ел, қазыналы ел

Мақсаты:1)Халқымыздың салт дәстүрін ата- апалармен бірге дәріптеп, оқушылардың еліне, әдет ғұрыпқа деген сүйіспеншілігін арттыру; патриоттық тәлім тәрбие беру.

2)Ұлттық мейрам Наурыз жайлы түсініктерін дамыту

Түрі: Өнеге сағаты

Көрнекілік:Қол өнер бұйымдарынан көрме, нақыл сөздер,Наурыз

нақыштары,интерактивтік тақтадағы слайдтар



Сабақ жоспары:

  1. Кіріспе сөз(сыныптың үлкендері жайлы түсінік)

  2. Жүректен жүрекке(немере сөзі)

  3. Сәлем сөздің анасы.

  4. Білім мен парасат.

  5. Ата көрген оқ жонар...

  6. Наурыз туралы не білеміз?

Сабақ барысы:

Д ә й е к с ө з:

Ауылыңның маңында төбе болса,



Ерттеулі тұрған атпен тең.

Ауылыңда ақылгөй қария болса,

Жазып қойған хатпен тең”

Амандасу түрлері:

(Амандасу түрлері жайлы өнеге сағатының құрметті қонақтары оқушыларға мағлұмат береді)

  • Төс қағыстырып амандасу:Ер жігіттердің,батырлардың шынайы достығын,кездесуге қуанышын білдіреді.

  • Қолдан сүйіп амандасу:Әжелердің немесе апалардың жасөспірімдердің қолынан сүюі. Ол балаларға, жас ұрпаққа деген құрметті білдіреді. Қолдың сыртынан ғана сүйеді, алақаннан сүюге болмайды.

  • Көзден сүйіп амандасу:Әжелер мен апалар өте жақсы көретін немерелерін сағынғанда көзінен сүйіп амандасады.

  • Иіскеп амандасу:Қариялар, ақсақалдар кішкентай бөбектерді иіскеп амандасады.

  • Маңдайдан сүйіп амандасу:Үлкен адамдар кішкентай балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіп амандасады.

  • Көпшілікпен амандасу:Көпшілік отырған жерге келген кісі әрқайсысына емес, жұрттың бәріне ортақ бір ғана сәлем береді.Отырғандардың бірі сәлем алса, ол бәрінің алғанын білдіреді. Дастархан басында бәрімен қол алып амандасу міндетті емес.

Салт дәстүрге байланысты сұрақтар алдын ала сынып оқушыларына беріліп қойылды.Жауаптарды келген қонақтар толықтырып отырды. Білмегендерін түсіндіріп берді.

Салт дәстүрлер:

  • Ерулік дегеніміз не?

-Ауыл арасына жаңа көшіп келсе,сол ауылда бұрыннан тұратын адамдар жаңа үй иелерін ерулікке шақырады, яғни ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа көшіп келушілерді бөтенсіретпей өз ортасына тартудың ,сыйласудың үлкен белгісі.

  • Сірге жияр туралы не білеміз?

-Күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн жиналады.Салт бойынша көрші- маңай ,туған- туыс шақырылып,ет асылып,сірге жияр қымызы ішіледі.

  • Қымызмұрындық деген не?

-Ол - бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы.Бие сауылып, оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші -қолаңдар «қымызмұрындыққа» шақырылады.

  • Қазан шегелеу туралы әңгімеле

«Қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді. Бұл дәстүр де қазақтың қонақжайлық бейнесін танытатын ғұрыптардың бірі.

  • Қолкесер деген қандай дәстүр?

-Біреудің соғымын сойысқан союшыға үй иесі «қолкесерің» деп, сыбағалы етін береді. Соғым союшы байқаусызда қолын кесіп алса,соныңтөлеуі ретінде шыққан көрінеді.

  • Салбурын дегеніміз не?

-Бұл- аңшылық темин. Аңшы, саятшы жігіттердің топ болып,бірнеше күн бойы аңға шығуын «салбурын» деп атайды. Мұны аңшылық мерекесі десе де болады. Мұнда алған аң бәріне бірдей тең бөлінеді.Салбурын аңшылардыңерлігін, ептілігін ,азаматтығын сынайтын жол.

  • Сауын айту” туралы не білеміз?

-Бір елде ас,үлкен той болатын болса, ол күні бұрын (бірнеше ай, жыл ) жан -жаққа хабарланып, «сауын» атылады.Бұл жай шақыру емес , әр ел салт-дәстүрмен ,яғни батыр,палуанымен,жүйрік атымен,ақын -жыршысымен келсін дегенді білдіреді. Асқа, тойға келгендер бір- бірінен асып түсуге тырысатын болған.

Ата көрген оқ жонар...

Қол өнер бұйымдарына талдау

Дәния кесте тоқу, Нартай қамшы өру үлгілерін көрсету.

Наурыз туралы не білеміз?

Наурызшешек, наурызша, наурызкөк наурыз есім, наурызтөл наурыз жұмбақ, наурыз сөздік т.б. жайлы түсініктерін толықтырып, мағлұмат беру.

Наурызшешек. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі – түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік ( шөп ). Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. Наурызшешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.

Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер « Наурыз келдің бе ?» деп шақырып,жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.

Наурызша. Наурыз айында жұп- жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық наурызша деп атайды.

Наурыз төл. Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді.

Самарқанның көк тасы жібиді. Бұл да наурыз күніне байланысты сөз. Оның бірнеше мәні бар. Б і р і н ш і, аңызға әйгілі астроном Ұлықбек ( 1394-1449 ) обсерваториясындағы көктасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-мыс. Е к і н ш і, бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.

Қонаққа келген атадан Наурыз бата алу.



Шашу шашылып, наурыз көже таратылып, сыныбымыздың әншісі Әйгерімнің «Наурыз» әнімен сабақты қорытындылау.(Әннің желісінде сынып оқушыларының іс-шараларға қатысқандары жайлы фото-слайдтар көрсету)

Дастарханы халқымның тола берсін,

Бақыт құсы басына қона берсін.

Ұлы тойдың төресі - Наурыз тойы,

Жылда-жылда құт тойы бола берсін!

(Өнеге сағатына қатысқан үлкендерімізді құрметтеп,мерекелік сыйлық табысталып,алғысхаттармен марапатталды)

Алтын ұя-Отан қымбат

Құт берекең -атаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат,

Айырылмайтын анаң қымбат.
Каталог: uploads -> doc -> 0e7b
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e7b -> Сауат ашу 02. 09. 2013ж Тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет