Мерекелік кеш Тәрбиеші: Карабаева Э. М



Дата08.06.2018
өлшемі63,37 Kb.
Ақсу негізгі мектебі

«Айгөлек» шағын орталығы



(мерекелік кеш)
Тәрбиеші: Карабаева Э.М


2016 – 2017 оқу жылы
«Армысың наурызым»

1 – ж: - Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ұстаздар, ата – аналар жиналған қауым!

2 – ж: - Бүгінгі болғалы отырған мерекемізге қош келіпсіздер.

1 – ж: - Жер ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген қасиетті Наурыз айы туғанда амандықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын! Наурыз елімізге құт – береке әкелсін!

2 – ж: - «Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!» - десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарды айқастырып, табысытын қасиетті күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!



1 – ж: Ұлыстың ұлы күні ата – бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарыл-ған күн – Наурыз мейрамы. «Наурыз» көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ, алғашқы «нау» - жаңа, «рыз» - күн деген ұғымды білдіреді. Жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні – жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22 – сіне сәйкес келеді.

2 – ж: Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үйді – үйді, ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен – кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа шақыратын.

Адина Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылды қарсы алайық.

Жайнатамыз бар гүлді,

Сайратамыз бұлбұлды.

Төгілтіп ән – жырымды,

Мейрам етем бұл күнді.



Әбу Ұлыс күні кәрі – жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.

«Сақтай гөр» деп теріскен,

«Кел, таза бақ, кел!» десіп,

«Ием, тілек бер!» десіп,

Үлкендер бата береді.



Аружан Ұлыстың ұлы күнінде,

Бай шығады балбырап.

Қасында жас жеткіншек,

Тұлымшағы салбырап.

Бәйбіше шығар балпиып,

Күндігі баста қалқиып.

Келіншек шығар керіліп,

Шашбаулары төгіліп.



Хор. «Наурыз келді» әні.
Азиза Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.



Жандос Наурызбен құттықтап,

Алыс, жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.



Құрмет Жан қалмады жай тұрған

Мәз мейрам жас – кәріміз

Күй шертіліп, айтылды ән

Көп биледік бәріміз.



1 – ж: Шалқытып мерекеде ән салайық

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

Аңыз бен ертегідей бізге жеткен

Құрметті әншілерді қарсы алайық. 3, 4 – сыныптың орындауындағы «Қазақы дастарханым» әні.



Ерасыл Ата – бабам тойлаған

Наурызым, армысың!

Қызығына тоймаған,

Дала дархан, қарлы шың.



Каусар Наурыз келді балалар

Көктемгі қыр жағалар

Наурыз тойын тойлайық

Жаңа жылда ағалар.



Дильназ Ұлыс күні қар еріп

Сай – салалар гүрілдеп

Көк шөбі шығып желпілдеп

Дүние біткен күлімдеп.



2 – ж: Өнерлі, өршіл өренді

Халық жақсы көреді

Мың бұралған бишіге

Енді кезек берілді. Жаңасу бастауыш мектебінің оқушыларының орындауындағы

қазақтың ұлттық биі «Қара жорға». Қабыл алыңыздар.

Әдия Құт – береке кетпесін

Диқаншы мен малшыдан

Бақыт ашып қақпасын

Мәңгі бақи жаппасын

Пәле – жала қазақты

Іздесе де таппасын

Күн мен айға әлемнің

Берем ыстық сәлемін

Қарттарыма сүйеніп

Сәлем берем иіліп

Құтты болсын тойларың

Райхан Наурыз тойы – салтымыз

Аман болсын халқымыз

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын!

Наурыз – шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Ән салайық жас – кәріміз

Би билейік бәріміз.



Ажар Ашық болсын қас – қабақ

Таспен атқанды аспен ат

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін төрде бас қонақ

Арпа, бидай, тары бар

Қатық, малта, ағы бар

Ішілетін, жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар

Ошақта көп шоқ әрі

Астан үлкен ешкім жоқ

Қазан аузы жоғары.

1 – ж: Ал, халайық, тұрмайық

Әндетейік, жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Әннен шашу шашайық. Даярлық топтың орындауындағы «Дастархан» әні.

Сұлтан Күн мен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Қуанышта ел бүгін

Наурыз келді салтымыз

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егілді

Наурыз тойы – береке

Наурыз тойы – жыр – аңыз

Қызық думан – мереке

Қызық думан құрамыз.



Әдия Ән қосылсын әніңе

Сән қосылсын сәніңе

Ырысты боп жаңа жыл

Бақ дарысын бәріңе

Ой қосылып ойыңа

Бой қосылсын бойыңа

Аман – есен жетейік

Келер Наурыз тойына.



Дильназ Наурыз төлі көбейсін

Малжан қазақ, бас алға!

Жас шыбықтар егейік

Жайна, Наурыз, жасан да!



2 – ж: Береке, бірлік болсын деп

Би билейік жаңаша

Күшейтіп бірлік, білімді

Тәрбиешілердің орындауында «Наурыз айы» әні.



1 – ж: - Достар! Наурыз жайлы кім не біледі? Айтыңдаршы.

Есте жоқ ерте заманнан тойланып келе жатқан мерекенің бірі – Наурыз

мейрамы

Наурыз – парсы сөзі, «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді



Наурыздың 22 – жұлдызы – күн мен түн теңелетін күн

Наурыздың 22 –і – Ұлыстың ұлы күні! Көктем мерекесі!

Наурызды түркі халықтары: қазақ, қырғыз, өзбек, әзірбайжан, қарақалпақ, ұйғыр

осылайша тойлайды.

Наурызда Самарқанның көк тасы ериді

Кеңес өкіметі тұсында Наурыз атаусыз қалды

1988 жылдан бастап кең байтақ Қазақстан халқы Наурыз тойын тойлап келеді

Наурыз – жаңару, жасару, достасу, кешірім мейрамы!

Наурыз – ұлыс тойы, ырыс тойы! Қыдыр ата келеді.

1 – ж: Жан қалмасын жай тұрған

Мәз болсын жас – кәріміз

Күй шертілсін, ән айтып

Би билейік бәріміз. Үнді биін қабыл алыңыздар.



2 – ж: Жиналған құрметті қауым! Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шарамызды аяқтағалы отырмыз. Келесі Наурызда да уайым – қайғысыз, амандықпен кездесейік.

1 – ж: Бас аман, бауыр бүтін болсын, ағайын!

Келгендеріңізге көп рахмет, сау болыңыздар!
Каталог: uploads -> doc -> 08d7
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08d7 -> «Павлодар қаласының Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақ тілінен 2-4 сыныптарға арналған бақылау
08d7 -> «Биле-биле» би байқауы 29 сәуір Халықаралық би күніне орай ұйымдастырылған «Биле-биле» балалар би байқауы
08d7 -> Мазмұны І кіріспе
08d7 -> Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, жбб шежін орта мектеп-балабақшасы Педагог – психолог мұғалімі: А. А. Имангалиева


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет